Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі - Бақыт Серікханқызы дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарына талдау жүргізу мақсатында "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Мұратов Бурхан Нұрланұлымен кездесті!
❗ Талдау жүргізу барысында:
✅Әр тоқсан сайынғы негізде ауданның ішкі саясат бөлімінде ведомстволық бағынысты мекемелер болып табылатын «Абай елі» ЖШС және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.
✅Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойнша сенім телефондары көрсетілген ақпараттары бар жадынамалар ауданның ішкі саясат бөлімінде және ведомстволық бағынысты мекемелер болып табылатын «Абай елі» ЖШС және «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимараттарында орналастырылған.
📋Әр тоқсан сайынғы негізде ауданның ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ведомстволық бағынысты мекемелер болып табылатын «Абай елі» ЖШС және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша анонимдік сауалнамалар алынады.
✅Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттайтын 13 сыртқы көрнекі ақпарат (баннерлер) құралдары орналастырылған.
📢Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде таратылып, апта сайынғы негізде көрсетілетін «Abai News» жаңалықтар топтамасында жарияланады.
📰Сыбайлас жемқорыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында «Абай елі» газетінде арнайы рубрика ашылып, тұрақты негізде материалдар жарияланып отырады.
👥Ауданның ішкі саясат бөлімінде «Brainstorm» форматында сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша семинар өткізілді.
🔴Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталмады! Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады!
☎️Егер Сіз, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе еріксіз куәгер атансаңыз, бізге 9️⃣➖2️⃣1️⃣➖4️⃣4️⃣ немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1️⃣4️⃣2️⃣4️⃣ сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз!
@abai_adaldyqalany
@shygys_adaldyq_alany
@marjan_baqyt