Меню

Страницы

Статья

АБАЙ АУДАНЫНДА СУБСИДИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ

АБАЙ АУДАНЫНДА СУБСИДИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ

🔹«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахытқызы Абай ауданындағы шаруа қожалық басшыларымен кездесіп, мемлекет тарапынан берілетін ауыл шаруашылығы субсидиялары бойынша ұсыныстарын талқылып, өтініштерін тыңдады.

🔸Кездесуге Абай ауданының әкімі аппаратының басшысы Д. Маратұлы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Д. Нариманұлы мен шаруа қожалықтардың өкілдері қатысты.

🥩Ауданның жалпы жер көлемі 2 млн. 9397 гектар, оның ішінде 1 млн. 875 мың гектар жайылымдықты құрайды. Жер бедерінің орналасу ерекшелігіне байланысты тек мал шаруашылығы, оның ішінде ет бағытында жұмыс жасайды.

🐂Өңірде ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 543 шаруа қожалығы және 3257 жекеменшік қосалқы шаруашылықтар айналысуда.

💰2021 жылдың 1 тамызы бойынша жиыны 379 өтінімнен 371 млн. 772 мың теңге субсидия қаражаты игерілген. Ал 159 өтініммен 168 млн. 300 мың теңге субсидия қаражаты резервке алынған.

❌2020 жылы жиыны 58 өтініммен 51 млн. 325 мың теңге субсидия қаражаты резервке алынып бүгінгі күнге дейін қаржыландырылған жоқ.

📊Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері жинақталып, талданып облыс тарапынан жолданатын ұсыныстарға енгізілетін болады.

Дата публикации
18 августа 2021
Дата обновления
18 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы