«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі - Бақыт Серікханқызы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Біржан Қайыржанұлының қатысуымен өңірді ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарына мониторинг жүргізді.
❗Қарауыл ауылындағы су құбыры 1973 жылы салынған, жалпы ұзындығы 23,9 км құраған су желісі салынғаннан бастап күрделі жөндеу көрмеген.
Осы су желісіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу мақсатында 2019 жылы жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған.
✅Аталған жоба бойынша мердігер «Востокстройгрупп» ЖШС, тапсырыс беруші Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Нысан 2020-2021 жылдарға ауыспалы.
🚰ЖСҚ бойынша салынатын су желісінің ұзындығы 89 277 км құрайды, оның ішінде: ауыл ішіндегі магистралды су желісі – 47 268 км, үйлердің шекарасына дейінгі су құбыры – 42 009 км.