«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен дербес бөлім мамандарына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілген жаңалықтарды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында кездесу өткізді.
💭Жиын барысында жобалық кеңсе жетекшісі әкімшілік нормалар мен «Абай — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсат-міндеттерін түсіндірді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік роликтер көрсетілді.
🟡Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік жоспарлайтын құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қысқа айыппұлдарды қолдануды болдырмау сияқты жаңалықтар туралы ақпарат берілді.
♻️Іс-шара соңында барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға шақырды.