«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.
Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған (Әдістемелік ұсыным сілтемесі).
Конкурс құжаттарын u.ermukasheva@akimvko.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8 (72252) 9 17 36 тел. нөміріне хабарласуға болады.
Ауыл әкімдері (бұдан әрі – үміткер) аудан/қала әкімдігіне келесі құжаттар мен материалдарды жолдайды:
1) осы Әдістемеге №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) қызметтік тізім (кадр қызметімен расталған);
4) үміткердің сауалнамасы (осы Әдістемеге № 2 қосымшаға сәйкес);
5) осы Әдістемеге № 7 қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестициялар көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);
6) үміткер – әкімнің жұмысы туралы, әкім басқаратын кент, ауыл, ауылдық округ туралы бейнеролик (бейнероликтің ұзақтығы 5 минутқа дейін);
7) үміткердің кентті, ауылды, ауылдық округті алдағы 3 жылда дамытуға бағытталған (таныстырылым көлемі 7 слайдтан аспайтын) жобалық жұмыс.
Конкурсқа қатысу туралы ұсынымдар 2021 жылғы 10 шілдеге дейін қабылданады.