Меню

Страницы

Статья

Жемқорлықпен күрес әркімнің ісі

Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде халықтың әл-ауқатын көтеру, елді дамыту мәселелерімен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесін де әрдайым күн тәртібінен түсірген емес.

Жемқорлық тек біздің елде ғана көрініс беретін құбылыс емес, ол әлем елдерінің бас ауруына айналған, түйіні тарқамаған түйткілді мәселе. Жең ұшынан жалғасқан осынау жемқорлық атты жегі құрт адамды отансүйгіштік, халқының қамын жеу, ел болашағы секілді адамгершілік қасиеттерінен жұрдай етіп, азғындатуға дейін алып баратын дертке айналғаны жасырын емес.

Бүгінде жемқорлықтың алдын алу үшін түрлі сипатта жоспарлар жасалып, түп тамырына балта шабу мақсатында атқарылған қарқынды шараларға қарамастан әлі де ауық-ауық жаңғырығы жетіңп жатады. Дегенмен бұл мәселені шешу үшін жекелеген мемлекет, я болмаса жекелеген мемлекеттік органдардың ғана атқаратын шаруасы емес, елі үшін жаны ашитын әрбір азаматтың, көпшіліктің күнделікті адал өмір сүру ұстанымына айналмай түйіннің тарқауы мүмкін емес. Осыған орай өткен жылы елімізде «Өзіңнен баста!», «жариялылықты қолдайық!» тағы басқа бастамалар көтеріліп, айтарлықтай іс-шаралар да өз деңгейінде атқарылды.

Жемқорлықтың алдын алу мақсатында дайындалған әрбір жоспардың ішінде Отанымыз Қазақстанды одан әрі гүлдендіру мәселесі әрдайым қылаң беріп отырады. Бүгінде халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығының арқасында еліміздің экономикасы өркендеп, азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсаруда.

Ал халқымыздың ортақ мақсаты сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және түбірімен жою үшін тамырына балта шабуға атсалысу күн тәртібінен түспейтін мәселелердің қатарында болуы тиіс екендігі айтпаса да белгілі.

Ендеше халықты кедейлікке алып баруы ықтимал жемқорлықпен күресу барысында әрдайым ашықтық принципін қолданып, еліміздің өркендеуіне үлес қосайық!

 

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің

бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Тұрғали

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы