Меню

Страницы

Статья

Электр сымдарды монтаждау қағидаларын сақтаңыздар

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі еске салады! Тұрғын үй-жайларда электр сымдар Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес болуы тиіс. Электр сымдарды монтаждау қағидаларын білсеңіз, сіз бұл жұмысты электр қауіпсіздіктің талаптарын бұзбай орындап, өз өміріңізді қауіпсіздендіресіздер.

Электр есептегіштері, тармақталуы қораптары, сондай-ақ ажыратқыштар мен розеткалар тұтынушыға оңай қол жетімді болуы керек. Тоқ жеткізетін барлық элементтер оқшауланып немесе жабық болуы тиіс.

Ажыратқыштар кіре беріс есіктің аймағында 1,5 метр биіктікте орналасуы тиіс. Бір пәтерде ажыратқыштар әрбір үй-жайда бір жақта орналасуы тиіс. Розеткаларды электр құралдарды орнатылуы мүмкін жерлерде монтаждау керек. Розеткалардың биіктігі еденнің деңгейінен 0,5-0,8 м тең болуы тиіс.

Монтаждау кезінде сымдарды тек тігінен және көлденен жүргізеді. Сымдардың орналасу орны жоспарда нақты белгіленіп, оны жұмыстарды орындаумен бірге әзірлеу керек. Электр сымдарды монтаждаудың түрлі әдістерін қолдана отырып, әр жағдайда сымдарды топтастырып немесе көрші сымдардың арақашықтығы 3 мм кем болса жүргізілуі болмайтындығын есте сақтау керек.

Сымдардың арасындағы барлық тармақталуы мен қосылуы арнайы тармақталатын және қосылатын қорапшаларда орындалуы тиіс. Бұл туралы тұрғын үй-жайларда электр сымдарды монтаждау және пайдалану кезінде ұмытпаңыз.

Электр сымдарды монтаждау қағидалары қорғаныс нөлдендіруді және жерге тұйықталуды қамтамасыз ететін өткізгіштерде қандай да бір ажыратқыштар мен сақтандырғыштар болмауы тиіс, себебі желіге қосылған электржабдықтар электр торабының қауіпті потенциалында қалады. Электр сымдарды монтаждау барлық қағидалар 100% -ға орындалуы тиіс, бұл сізді болуы мүмкін проблемалардан сақтандырады.

Өрт кезінде «101» және «112» нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз. 

 

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің

бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Тұрғали

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы