Меню

Страницы

Статья

Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу»  Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара  алу не беру болып табылады.Міне осы себеп –салдарды болдырмау  мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күресті Көкбай ауылдық округінде ұтымды жүргізуде                           

          Республикамыздың тұңғыш Президенті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 5қазан 2018-жылғы «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында: Азаматтар сұрауына бейімделген мемлекеттік аппарат құру- деген бөлігінің үшінші тарауында «Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады».«Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым- қатынасын  азайтуға қол жеткізген жөн»- деді.Сондықтанда Елбасымыздың осы тапсырмасына байланысты қазір ауылдық  округ ғимаратында өзін-өзі қамту бұрышы ашылған. Ауыл азаматтары өздеріне қажетті анықтамаларды алуға сол жерден қол жеткізеді.Қазақстан Республикасының    «Жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі » туралы Заңның орындалуы  қатаң түрде  бақылауға алынған, жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерінің қаралуын созбалауға және заңнамада көрсетілген мерзімнің бұзылуына жол берілмейді.

Сенім телефоны мен почта жәшіктері оңтайлы көрнекті қол жетімді жерге орналастырылған. Оған  жауапты адамдар бекітілген. Көкбай  ауылдық округі бойынша  Сенім телефонымен сенім жәшігі төрт  жерде орналастырылған.  Көкбай атындағы орта  мектеп ғимаратында тел: 94-1-10 номері және ауылдық әкімшілік ғимаратында тел: 94-1-37 номері, «Балауса» ясли бақшасында 94-1-62телефон номері, Емханада 94-1-07 телефон номері . Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін атап өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет деді. Міне осы мақсатты жүзеге асыру аясында  Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс-адалдық алаңы» жобасы жарияланды, жоба өз қызметін үш блок бойынша жүзеге асырады: 1."тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау", 2."қоғамдық бақылауды жүзеге асыру" 3. "сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру".Осы үш блоктың әрқайсысы бірқатар басым бағыттарды қарастырады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады,  қызмет көрсету сапасын арттыру және қоғамдық бақылауды жүзеге асырып   қарқынды жұмыс жүргізу мақсатында Көкбай ауылдық округі әкімі ғимаратында Ауылдық ардагерлер кеңесі, «Nur Otan» партиясы,Мектептің ата-аналар кеңесі, Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері,Мәдениет қызметкерлері мен әкімшілік жұмысшы –қызметкерлерімен «Адалдық сағаты» , «Адал қоғам – жарқын болашақтың кепілі  » тақырыптарында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып  дәрістер оқылып тұрады.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  айтқан  мына сөзімен аяқтағым келеді:«  Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел, бұл қоғамдағы өзара сенімге жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйлі жұмыс жүргізем»- деді. Енді барлығыңызды  осы  бағытта қоғамдасып еңбек етуге, сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою үшін бірлесе жүиелі жұмыс жасауға шақырам.

Дата публикации
16 февраля 2021
Дата обновления
16 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы