Меню

Страницы

Статья

Көктайғақ - өте қауіпті

Естеріңізге алсаңыз өмірде бір рет көктайғақта құлап, осындай жылдың қауіпті кезеңінде өзгелердің құлап жатқанына куәгер болғанымыз анық емеспе? Әйтседе, табиғаттың осынау құбылымынан зардап шегіп, ауыр салдарын басынан кешкендер де бар ғой, айлап гипспен, кейде аурухана кереуетінен «қош айтыспай», кейін жарақатыңның сыздағаны көпке дейін есіңнен шығармайды.

Әрине, өздеріне бекітілген аумақтарда көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу және қар мен мұздақтардан тазалау жұмыстарын жүргізуге жауапты коммуналдық қызметтер, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден ешкім жауапкершілікті алып тастамайды. Бірақ сіздер мен біздер келеңсіз жағдайға жол бермеу үшін бірталай әдіс-тәсілдерді білуіміз қажет. Көктайғаққа қалай қарсы тұруға болады? Бұл кезеңде әрбір жүргінші өз санасынан «асықпа» деген ақылды шығармау қерек. Асығу құлау қаупін бірнеше рет арттырады. Мұздақ тротуармен жүрген кезде жиегіне қарай, мұзы аздау жермен аяқ астына мұқият қарап жүрген абзал. Өйтпегенде белгісіз біреудің тастап кеткен пластигіне аяғыңыз тиіп, құлап қалуыңыз әбден мүмкін. Қолыңызды еркін ұстаңыз, ал азық-түлік салынған ауыр қолзаты дәл осындай жағдайда көп кедергі болатынын да есте ұстаңыз. Әсіресе автокөліктер жиі жүретін көшелерде өте сақ болған дұрыс. Бұл кезең жүргізушілер үшін де өте күрделі.

Осы кезеңді жақсы өткізу үшін сіздерге мысалдарға тоқтала кетейік. Көктайғақ болатын ауа-райы кезінде табаны жұмсақ, тайғанамайтын аяқ киім киген жөн. Тері мен пластик сырғанақ келеді. Ең тиімдісі аяқ киім табанын мұзда сырғанамайтын заттармен «жабдықтау». Бұл жерде әркімнің жасайтын «айлалары» шексіз!

Келесідей қарапайым, әрі қолжетімді тәсілдер бар: аяқ киім табанына түрлі жапсырмалар жапсырып шығар алдында құммен үйкеп жіберіңіз. Бұл бір – екі күнге жетеді. Өте тиімдісі егеуқұмды, паралонды жапсырып алу.

Көктайғақ кезінде егде тартқан адамдардың далаға шығуларын шектегені дұрыс болады. Шыға қалсаңыз қолыңызға астында мұзға қадалатын істігі бар таяқты ұстауға қымсынбаңыз, ол сізді жайсыз жағдайдан құтқарады.

Мұз басқан жолдарда тайғанап қалмас үшін келесі қарапайым жаттығуларды айтып өткенжөн болар. Бұл жасы үлкендерге ыңғайлы болмаса да, қалғандарына көмегі тиері рас.

Сонымен, қабырғадан 15 см. қашықтықта көз деңгейінде салынған нүктеге мұқият зер салыңыз. Иығыңызды керіп, дене салмағын оң аяққа салыңыз, ал сол аяғыңыздың басын оң аяғыңыздың жамбасының ішкі жағына қойыңыз. Бұл кезде тізе сыртқы бетке, саусақтары төмен қарап тұруы керек.

Іштің бұлшық еттерін қатайтыңыз, сол қолыңызды бастан жоғары көтеріңіз, оң қолды дене бойымен төмен түсіріңіз. Осы тұрған қалпыңызда сегіз рет дем алып-шығарыңыз. Аяғыңыз бен қолыңыздың тұрған қалпын ауыстырып, осына қайталаңыз. Жаттығуды жеңіл орындадыңыз ба? Онда Егер жаттығуды жасай алмасаңыз, оны күніне екі рет қайталаңыз, сонда ғана тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтай аласыз. Алғашында аяқты жамбасқа емес, тізеге де қоюға болады.

Аяқты ауыстырып отыруды ұмытпаңыз. Сөйтіп бір-екі аптадан кейін сіздің еңбегіңіздің нәтижесі көрініп, мұз үстінде өзіңізді әлдеқайда сенімді, әрі қауіпсіз сезінетін боласыз. Егер тағдыр сізге мұз үстінде шалыну «сыйын» әзірлеп қойған жағдайда, бойыңызды қатты ұстап, денеңіз жерге тиген сәтте аунап түсіңіз, сонда соққы жеңіл болады.

 

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.

Дата публикации
15 декабря 2020
Дата обновления
15 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы