Меню

Страницы

Статья

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі.

Бәрімізге қысқы мезгілде көп күтетін және қуанышты мейрамдардың бірі болып Жаңа жыл есептеледі. Осыған орай, бала бақшаларда, мектептерде және де басқа да мекемелерде Жаңа жыл кештерін, тәңертенгіліктер мен басқа шараларды өткізу барысында және де алдын ала, Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамту мақсатында үлкен жұмыс жүргізеді. Жаңа жылдық мейрамдарды өткізудін алдында оқу мекемелерінде, мәдениет үйі және с.с. басқа мекемелердің басшылары алдын ала, жауапты тұлғалардан өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды тағайындауы тиісті. Олардың міндеттеріне: өртке қарсы қызметін шақыру, өрт болған жағдайда адамдарды құтқару, практикалық жаттығулар және бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, өрттін болдырмауын кіруі тиіс.

            Жаңа жылды қарсы алу кезінде барлық азаматтар түрлі пиротехникалық бұйымдарды сатып алады, себебі салютсыз, отшашуларсыз жаңажылдық мейрам өтпейді.

 Өрт қауіпті жағдайларды болдырмау үшін мәдени-көркем мекемелерінде шырақтар мен шартылдақтарды, отшашуларды пайдалануға тиым салынады.

Тәжірибе көрсеткендей, көп пиротехникалық бұйымдардың құрамында оқ-дәрілер мен шашатын қондырғылар, және жоғары температуралы жаңғыш зарядтар бар. Олар жүз метр биіктікке дейін көтеріліп 20 метрге дейн шашылуы мүмкін. Сондықтан, дұрыс пайдаланбау кезінде және бұйымнын төмен сапасы тек қана өртке әкелмейді, ол механикалық және басқа да зардапқа әкелуі мүмкін. Пиротехникалық бұйымдарды лицензиясыз қолдан және базарларда сатуға тиым салынады. Аталған тауарларды тек қана мамандандырылған дүкендерде немесе арнайы бөлімдерде сатуға болады. Осы сауда нүктелеріне қатаң өрт қауіпсіздігі талаптары қойылады. Әрбір осындай дүкенде сатушы-кеңесші, ал бұйымдардың мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқамасы, өнім шығарушы, пайдалану мерзімі болуы тиіс және т.б.

Бұрын пиротехниканың ең басты проблемасы оның төмен сапасы болатын, тек кана Қытайдың жаман өнімдері сатылатын. Бірақ, соңғы кездері Қытай өндірушілері өз тауарларын сертификаттайды және ол базарларда көп.

            Пиротехникалық бұйымдардын жарылысынан зардап шеккендердін көп массасы маскүнемдіктін арқасында болды. Адамдардың көбі пиротехниканы қалай пайдалану керек екендігі нұсқамасын оқымайды және қауіпті ойыншықтармен ойнауын балаларды қадағаламайды. Нәтижесінде отшашулар мен ракеталар адамдарға, көліктерге ұшады, балкондарда жанады.

 Мейрамды жақсы өткізу үшін, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде барлық азаматтарды қажетті ережелерді сақтауды ескертеді:

- балаларды пиротехникалық бұйымдармен қараусыз қалдырманыздар;

- пиротехникалық бұйымдарды бөлмелерде, құрылыстардың маңында, ашық оттын қасында пайдаланбаңыздар;

- от шашуларды адамдарға қарай, тұрғын үйлердін терезелеріне бағыттамаңыздар;

- пиротехникаға кішкентай балаларды жақындатпаңыздар;

- түсініксіз және қажетті құжатысыз пиротехникалық бұйымдарды сатып алманыздар.

            Естеріңізде болсын – Сіздің қауіпсіздігіңіз Сіздің қолынызда! Мейрам қуанышты және оқиғасыз болсын.

 

 

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
14 декабря 2020
Дата обновления
14 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы