Сіздің плазмаңыз өмірді сақтап қала алады!
Плазма қан орталығында алынады, ол үшін арнайы медициналық аппарат қолданылады. Бұл өте қарапайым және қауіпсіз процесс.
КВИ-мен ауырған барлық адамдар иммундық плазма донорлары бола алмайды. Донор белгілі бір талаптарға сәйкес келуі тиіс: COVID-19 инфекциясы туралы медициналық қорытындының болуы, COVID-19, АИТВ, В және С гепатиттері, мерезге теріс талдаулар. Еріктілер толық сауыққаннан кейін он төрт күн өткен соң плазма тапсыруға шақырылады.
Қазір короновируспен ауыратын адамдардың өмірі сіздің қолыңызда, шетте қалмаңыз. Сіздің плазмаңыз, бұл құтқарылған өмір!