Көліктің кез-келген түрінде өрт күтпеген жерден туындауы мүмкін және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Өрттің жиі себептері қандай? Көлік құралын міндетті техникалық тексеру процесінде автомобильдің жай-күйі бақыланады, бірақ электр жабдығы мен отын жүйесін тексеру жүзеге асырылмайды.
2020 жылдың басынан 2 аудан аумағында көліктегі 2 өрт тіркелді. Өрттердің негізгі себептері болып: - электр сымдарының, қозғалтқыштың электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы - жалпы санынан 70 %; - отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу лампасымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін кілемшемен жылыту және т. б.) - 12 %; - отын құбырының үзілуі немесе ақаулығы – 3,5%.
Пайдаланылған газдармен улану жағдайлары жиі кездеседі. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.
Не туралы есте сақтау қажет: - әрбір көлік құралы 2 литрден кем емес көлемде жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс; - қозғалтқышты және автомобильдің басқа да агрегаттарын ашық отпен, қолдан жасалған жылыту құралдарымен, соның ішінде ашық жылыту элементтерімен жылытуға тыйым салынады; электр сақтағыштардың жарамдылығын, электр сымдарының бүтіндігін үнемі тексеру қажет; - барлық сақтандырғыштар стандарттарға және номиналды токқа сәйкес болуы тиіс; - электр сымында жалаңаш орын болмауы тиіс, ал оның жалғанатын орны ұшқын пайда болу және қыздыру мүмкіндігін болдырмауы тиіс; - отын беру жүйесінің бүтіндігін тексеру (отынның ағуы немесе газдың шығуы бар ма). Ағулар анықталған кезде шұғыл түрде оларды жою шараларын қабылдау; - автокөлік құралына жөндеу жүргізу кезінде темекі шегуге және ашық отты (сіріңке, алау, тұтандырғыш) пайдалануға жол бермеу; - шығарылған түтіктері мен сөндіргіштері алынған немесе ақаулы көлік құралын пайдалануға жол берілмейді; - тез тұтанатын элементтер (қағаз, сүрткіш шүберек, жанар-жағармай материалдары және т. б.) түспеуі үшін шығару коллекторын қадағалау қажет.
Егер автомобиль қозғалыс кезінде жанған жағдайда: - көлік құралын дереу тоқтату және қозғалтқышты сөндіру; - өртке қарсы қызметті 101 немесе 112 нөмірі бойынша шақыру; - клемманы аккумулятордае алып тастау (газдандырылған жағдайда – магистральдық және баллонды вентильдерді жабу); - жолаушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдау және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кірісу қажет.
Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Д.Тұрғали