Қазақстанда коронавируспен ауырған әрбір екінші азаматтың бойында антидене бар. Медициналық зертхана мамандары осындай қорытындыға келіп отыр. Бір донордан алынған сол иммундық плазма 2-3 науқасты емдеуге жетеді екен. Бір донордан антиденесі бар 600 миллилитр плазма қажет. Дәрігерлер содан өздеріне қажетті бөлігін ғана алады. Сондықтан қан плазмасын тапсырған азаматтың иммунитеті әлсірейді деп қорқудың қажеті жоқ.