АНТИДЕНЕ ДЕГЕН НЕ?
Ағзаға қандай да бір беймәлім материя немесе антиген түскенде иммундық жүйе реакция білдіреді. Нәтижесінде антидене деп аталатын молекулалар түзіліп, олар әлгі материяны не жояды не бұғаттайды.
Коронавируске қарсы түзілген антиденелер адам қанындағы вирусқа жабысып, оны "қозғалыссыз" күйге келтіреді де, инфекциялық процеске қатысуын болдырмайды.