Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасын ұлттық қауiпсiздiкпен қамтамасыз етуге,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, олардың салдарын жою және кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту арқылы мемлекеттiк функцияларды атқаратын мемлекеттiк органдардың, лауазымды және оларға теңестiрiлген тұлғалардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет абыройын нығайту бойынша жұмысы әрбір органның басты басымдылығы болып табылады.
Жемқорлық бұл індет. Себебі жемқорлық- мемлекетіміздің беделіне, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық- бұл өз қызметін асыра пайдалану пара алу, пара беру және заңға қайшы әрекет жасау. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болып саналады.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды орындау мақсатында Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппаратында жемқорлықтың алдын алуда жұмыстары атқарылып отырады.
Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, қоғамның адамгершілік тұрғыдан жандануына бағытталған кешенді жұмыстарды атқара береді.
Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік орнатылған, қазіргі уақытта арнайы жәшікке ешқандай арыз шағымдар мен хаттар түскен жоқ. Бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедуралары заң аясында өткерілуде.
Қылмысқа қарсы күрес жағдайы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептерді әр уақытта ауыл әкімі мекеме қызметкерлерімен сараптап отырады. Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық іс тіркелмеген.
«Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ