Меню

Страницы

Статья

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жұмысын жүргізудің барысы туралы

Қазақстан Республикасында жетім балаларға көмек көрсету «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексі, «Білім туралы» Заң, «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы өзгертілген № 320 қаулысы, Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты туралы заңдылықтар мен нормативтік актілерге негізделеді.

  Абай ауданы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны - 2, оның ішінде 1 - жетім бала, 1 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала. Республикалық деректер қорында тіркелген. Қамқоршы, қорғаншы саны - 2, ай сайын баланы асырап бағу үшін әр балаға мемелекет тарапынан 10 АЕК көлемінде жәрдемақы төленеді. 1 бала                2024 жылы ауданнан үйлі болды, 1 бала ауданнан үй алудан бас тартып, Семей қаласында үй кезегінде тұр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы: Бұл заңда білім алуға құқығы бар балалардың, соның ішінде жетім балалардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы айтылған. Мектеп жасындағы балалар тегін ыстық тамақпен, демеушілікпен қыстық, күздік киім-кешектер және  оқу құралдармен қамтамасыз етіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар балабақшамен тегін қамтамасыз етіліп отыр.

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау» мемлекеттік бағдарламасы: Бұл бағдарлама жетім балаларды әлеуметтік қорғау, олардың білім алуын қамтамасыз ету және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында жетім балаларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен жыл сайын өткізіліп отыратын «Мектепке жол» және «Мейірім» акциялары барысында осы жетім балаларға қаржылай көмек көрсетіліп, түскен қаражат балалардың АҚ «Отбасы банкі» есепшоттарына салынып отырылады. Жыл сайын қамқоршы күні 29 қазанда атап өтіледі, қамқоршыларға бала тәрбиесі мен құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріліп, қамқоршылардың бала тәрбиесіне қосып жатқан еңбектеріне алғыс білдіріледі.

Сонымен қатар, балаларға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетіліп, олардың білім беру ұйымдарында сапалы білім алуына, шығармашылық және спорттық үйірмелерге қатысуына жағдай жасалуда. Денсаулық жағдайына тұрақты бақылау жүргізіліп, қажетті медициналық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Кәмелетке толған тәрбиеленушілерді дербес өмірге бейімдеу мақсатында кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналасуға ықпал ету, тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес беру және құқықтық қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы алғанда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес орындалуда. Алдағы уақытта да олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту және қоғамға толыққанды бейімдеу бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Баяндама

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы