Күнделікті өмірде өртті қалай болдырмау керек?
Ол үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін әрдайым есіңізде сақтаңыз: Электр қуатын пайдаланғанда темір, плитка, шәйнекті және басқа электр құрылғыларын тек жақсы жағдайда және отқа төзімді стенд болған кезде қосыңыз. Жанатын заттар мен ағаш конструкциялардың жанында электр құрылғыларын орналастырмаңыз. Электр шамдары қағаз бен матаға тимейтініне көз жеткізіңіз. Үйден шығарда электр жарығын өшіруді ұмытпаңыз. Электрқұрылғысын, оның ішінде теледидарды, компьютерлерді және басқа заттарды (тоңазытқышты қоспағанда) розеткадан ажыратыңыз.
Үйдегі сақтандырғыштарды эл.ұзартқыш сымдар, уақытша эл.тораптар мен розеткаларды өз бетіңізбен пайдаланбаңыз. Электр желісінің артық жүктелуіне себеп болатын бірнеше қуатты электр тұтынушысын (электр пеші, электрлік шкаф, шайнек және т.б.) бір мезгілде қосуына жол бермеңіз, Сондай-ақ, электр сымына су тию, оларға тұсқағаздар жапсыру, шегелерді ілу, байлау да аса қауіпті. Тозған ұзартқыш сымдарды, сымдарды, ажыратқыштарды, розеткаларды, жалаңаш сымдарды қолданбаңыз. Электр желілері тек қана зауыттық сақтандырғыштармен шектен тыс және қысқа тұйықталудан қорғалған. Барлық электр құрылғыларының дұрыстығы мен тазалығын қадағалау керек. Ал, электр монтаждау және жөндеу жұмыстары тек тиісті мамандарға жүктелуі тиіс.
Газдың әрдайым жарылғыш зат екенін ұмытпаңыз. Егер үйлеріңізде газдың иісін сезсеңіз, онда электр жарығын қосып, сіріңке тұтатуға болмайды. Газ құбырының шетін ашқан кезде газ құрылғы крандарының жабылған-жабылмағандығын тексеріңіз. Газ қыздырғышты қоспас бұрын бірінші сіріңке тұтатып, содай кейін қыздырғыш кранын қосыңыз.
Газ жабдығын қараусыз қалдырмаңыз және газ пеші үстінде киім кептірмеңіз.
Бензинді, ацетонды, керосинді, ерітінділерді пайдалану кезінде шылым шегу немесе өртеуге рұқсат етілмейді. Көптеген тұрмыстық химиялық заттар (мастика, нитро-бояулар, лактар, желімдер және басқалары), әсіресе аэрозольді қаптамалар аса өрт шығу қаупін арттырады. Ешбір жағдайда өрт қаупі бар мастиктерді (БМ, гамма, скипидар, силикондағы айналар және т.б.) ашық отқа қыздырмаңыз. Еденге линолеум мен плиткалар төсеу және лактау жұмыстары кезінде шылым шекпеңіз.
Көп жағдайда тұрғын үйлерде өрттің шығуы шылым шегу кезіндегі ұқыпсыздық болып табылады. Ал, екерше қауіп - маскүнем күйіндегі шылым шегу.
Жертөлеге, шатырға, сарайға, күзенге, гаражға кірген кезде темекі шегуге және жарықтандыру үшін сіріңке немесе майшамды қолдануға рұқсат бермеңіз.. Мұздатылған құбырларды паялды алаумен жылыту да өртке әкелуі мүмкін.
Газ пеші немесе электр аспаптары қосулы тұрғанда, балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз. Сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Өрт немесе түтін болған жағдайда, өрт сөндіру бригадасын «101» телефонына дәл мекен-жаймен хабарлаңыз.
Тұрғали Дәурен Қуанышберұлы
ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖБ бастығың м.а
азаматтық қорғау майоры