Меню

Страницы

Статья

Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесу

 

Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен  кездесу

 

 Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын өткізуге дайындық шеңберінде 2026 жылғы 15 шілдеде Абай аумақтық сайлау комиссиясы жас сайлаушылар клубының мүшелерімен  кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыру, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, электоралдық мәдениетті дамыту және жас буынның қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына бағыт беру.

      Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары  Ә.Түгелжанов клуб мүшелерінің міндеттерін, жалпы клубтың мақсаты: жастардың сайлау процестеріне деген қызығушылығын арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту, құқықтық сауаттылығын көтеру, Құрылтай депутаттарының сайлауында жастардың сайлау процесстеріне қатысу белсенділігін арттыру, сайлаудың заңнамасының өзгерістерімен таныстыру және қолдану туралы ақпараттар берді. Жас сайлаушылар клубтарының өкілдері сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар жөнінде сұрақтар қойды.

        Сондай-ақ, кездесуге «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары да кездесуге қатысты.  Қатысушылар барлық сұрақтарына толыққанды жауап алып, сайлау жүйесінің негізгі қағидаттары мен қолданыстағы заңнаманың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

      Алдағы уақытта аудан жастарын елдің қоғамдық-саяси дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытып, конституциялық құқығын іске асыруға шақырамыз. Жаңару үшін дауыс бер !

Дата публикации
16 июля 2026
Дата обновления
16 июля 2026
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
22 октября 2026
ТОО "Абай елі"
22 октября 2026
Pikermedia.kz

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы