Меню

Страницы

Статья

Адалдық пен әділдік – қоғам дамуының берік негізі

Адалдық пен әділдік – қоғам дамуының берік негізі

 

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және қоғамның әл-ауқатына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Ол халықтың билікке деген сенімін азайтады, әділеттілікке күмән тудырады, еңбегімен емес, таныспен өмір сүруге болатындай түсінік қалыптастырады. Өкінішке қарай, бұл Қазақстан үшін де өзекті.

Осы жағдайды өзгерту мақсатында елімізде 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа Тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат 2022 жылдың 2 ақпанында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілді. Тұжырымдаманың басты идеясы – «коррупциямен күресу» емес, коррупцияға жол бермейтін орта қалыптастыру.

Бүгінде мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның себептері мен алғышарттарын жоюға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.

Абай ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытында кешенді ақпараттық-түсіндіру және оқыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, шешім қабылдау үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Азаматтарды жеке қабылдау, көшпелі кездесулер ұйымдастыру, әлеуметтік желілер мен басқа да байланыс арналары арқылы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарау – билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудың маңызды тетіктері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы ерекше. Адалдық, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық қағидаттары әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналған жағдайда ғана бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін береді. Әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру – болашақтың берік іргетасы.

Қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бағыты. Әр азаматтың адалдықты ұстанып, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауы әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға негіз болады.

Біз бәріміз бірлесіп әрекет еткен жағдайда ғана адалдық пен әділдік қағидаттары орныққан, заң үстемдік құрған қоғам қалыптастыра аламыз. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Адал еңбек пен әділдікке негізделген қоғам құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана әділетті, ашық және дамыған қоғам құрып, келер ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекет қалдыра аламыз.

 

 

Абай ауданы әкімі М.Смағұлов

Дата публикации
25 июня 2026
Дата обновления
25 июня 2026
Тип
Газет

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы