Құрметті сайлаушылар!
15 наурыз күні республикалық референдум өтеді. Әр азаматтың дауысы – ел болашағы үшін маңызды. Егер сіз уақытша басқа жерде болсаңыз және өз учаскеңізден тыс жерде дауыс беруді жоспарласаңыз, есептен шығару куәлігін рәсімдей аласыз. Куәліктер 27 ақпаннан бастап беріледі. Оларды беру 14 наурыз күні сағат 18:00-де аяқталады. Дауыс беру кезінде өзіңізбен бірге есептен шығару куәлігін және жеке басыңызды растайтын құжатты алып келу қажет. Құжаттың электрондық нұсқасын көрсетуге де болады. Учаскелік референдум комиссиясы сізді қатысушылар тізіміне енгізіп, дауыс беруге арналған бюллетень ұсынады. Маңызды ақпарат:
Есептен шығару куәлігі тек бір рет қолданылады және дауыс берген учаскеде қалады. Жоғалған куәліктер қайта берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін мұндай куәлік берілмейді.
Азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз!
Референдумға қатысып, болашағыңыз үшін таңдау жасаңыз!