Меню

Страницы

Статья

Архат ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізуге байланысты № 169, 170 учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру туралы» тақырыбында семинар тренинг

Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастырушылар мен басқа  да сайлау процессіне қатысушыларды каскадты оқыту және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қатамасыз ету жоспарларына сәйкес «Архат ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізуге байланысты № 169, 170  учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру туралы»  тақырыбында семинар тренинг өткізілді.  Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру барысындағы құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру бойынша оқыту жүргізді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмін  түсіндірді. Семинар барысында комиссия мүшелерінің назары барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, дауыс берушілер үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметіне назар аударылды.  Сонымен қоса,  мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз кіруін қамтамасыз ету мақсатында комиссия мүшелеріне  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ семинарға қатысқан учаскелік сайлау комиссиялары сайлау заңы бойынша тестілеуден өтті. Семинар қорытындысы бойынша Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
11 февраля 2026
Дата обновления
11 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы