5 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай бекітілген іс-шараларға сәйкес ауданның білім беретін мекемелерінде 2026 жылдың 27 қаңтар – 6 ақпан аралығында жас сайлаушылар клубының мүшелері мен жас мұғалімдер оқушылармен жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – педагогтердің сайлау үдерісі туралы құқықтық білімін кеңейту, азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу болды. Атап айтсақ, «Жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ, «Қарауыл гимназиясы» КММ, «Молдағалиев атындағы орта мектебі», «Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ-де сайлаудың демократиялық қоғамдағы рөлі, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ білім беру ұйымдарында азаматтық тәрбие берудің маңыздылығы туралы квиз, викторина ойындары, пікірталас, тренинг, тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шаралар жас және болашақ сайлаушылардың сайлауға деген қызығушылығын арттыруға, олардың электоралдық мәдениетін, білімін жетілдіруге, жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.