Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2020 жылдың 28 қыркүйегінде бөлім басшысы Н. Сағындықованың басшылығымен аудан әкімінің 23.01.2020 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының 26 тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелде бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында хабарлама жасады.
2015 жылдың 23 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңы қабылданды. Заман талабына сай жаңа Заң көптеген өзгерістер мен реформаларды қамтиды.Қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсандағы 2014 жылғы №986 қаулысы бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекет қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы әрекеттері;
- қоғамдық бақылау институтын енгізу;
- сот және құқық қорғау орғандарында сыбайлас жемқорлықтын алдын алу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет денгейін қалыптастыру;
- халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
Осылайша, мемлекеттімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ,оны болдырмау және алдын алуға барлық шарттар қолданалады.
Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтау бағытында бөлімде тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігіне талдау жүргізіліп, тиісті қортындылар шығарылып, анықталған құқық бұзушылықтарды жою бағытында іс шаралар жасалып, тиісті тапсырмалар берілуде.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы ҚР заңнамасымен түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және әртүрлі факторларың пайда болуына ықпал ететін себептер туралы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік қызметшілердің арасында дөнгелек үстел, отырыстар ұйымдастырылды.
Бөлім қызметкелерінің осы бағыттағы жұмыстарына бақылау жүргізіліп, қызмет алушылардан анонимдік саулнама, пікір алу сияқты шаралар жүргізіледі.
Бұл ретте бөлімінің мамандары тарапынан қызмет көрсетушілерге этика нормаларын бұзу, сыбайлас жемқорлыққа жанама немесе тікелей қатысы бар жағдайлар орын алған емес. Бөлім мамандарының өз функционалдық міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, сан қилы жағдайларымен келген азаматтарды қабылдағанда әдепті, сауатты, сол қиналып келген жанның жағдайын шеше алмаса да, өз тарапынан мейілінше қолдау көрсетуі басты назарда болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі.Сыбайлас жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да, заң бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.Бұл Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат нақтыланған.Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар. Мемлекеттік қызметшілер қызметке орналасқанда өзіне белгілі бір сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайды.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы Заңның ең басты тетігі болып табылады. Ол - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оны анықтау және жою сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырады.
Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
«Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.