Меню

Страницы

Статья

Құрылыс жұмыстары

           2020 жылдан бері ауданымызда тұрғын үй құрылысын жүргізу қолға алынған. Осы уақыт аралығында мемлекет тарапынан жиыны  251 пәтер пайдалануға берілді. 

          Абай ауданы бойынша 2026 жылы жиыны 20 екі пәтерлі тұрғын үй (40 пәтер) салу жоспарланған, оның ішінде 13 үй (26 пәтер) – 85 ш.м., 7 үй (14 пәтер) – 65 ш.м.

          Қазіргі уақытта Абай ауданының Қарауыл, Кеңгірбай би, Көкбай, Архат, Саржал, Медеу, Орда, Жүрекадыр, Қасқабұлақ және Тоқтамыс ауылдары бойынша тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Қолданыстағы тұрғын үй заңына сәйкес тұрғын үйлер  «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

           1.«Абай облысы Абай ауданы Көкбай ауылында спорт модуль құрылысы». Жалпы сметалық құны 521 264,0 мың.теңге.   Тапсырыс беруші – «Абай ауданның сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жорлдары бөлімі» ММ. Мердігері –  «Градстройсервис» ЖШС.                  

          Нысанның дайындық деңгейі – 80%. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру және ғимараттарды ішкі әрлеу (таза әрлеу) жұмыстары, ангар бөлігінің еденін, терезелерін орнату, телефон желісін, сыртқа инженерлік желілерді тарту жұмыстары қалды. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.

          Мердігер келісімшартта белгіленген мерзімде құрылыс жұмыстарын толық аяқтамауына байланысты келісімшарт біржақты тәртіпте бұзылды.

          Облыс әкімінің 31.01.2026 ж. №31 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, нысанның сметалық құнына корректировка жұмыстары жүргізіліп, сараптамаға еңгізілді. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін жаңа мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары жалғасады. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

          2.«Абай   облысы   Абай   ауданы  Кеңгірбай  би  ауылында  орналасқан балалар лагерін салу». Жалпы құны – 363,2 млн.тенге. Тапсырыс беруші – «Абай облысының құрылыс басқармасы» ММ. Мердігері – «Градстройсервис» ЖШС.

          Нысан бойынша құрылыс жұмыстарының  86%-ы атқарылды. Қазіргі уақытта абаттандыру және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда.

  1. «Абай облысы Абай ауданы Саржал ауылында спорт модуль құрылысы». Құны- 813 715,5 мың тенге. Тапсырыс беруші – «Абай облысының құрылыс басқармасы» ММ. Мердігері «Компания «Восток-строй» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанның ангар бөлігінің іргетасы құйылып, әкімшілік ғимараттың қабырғасы қаланып, төбесін жабылып, шатырланды. Қаржы бөлінбеуіне байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Құрылыс мерзімі 2025 – 2026 жылдар.
Дата публикации
29 мая 2025
Дата обновления
03 июля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы