Меню

Страницы

Статья

Азаматтарды қабылдау және өтініштермен жұмыс

Абай ауданы әкімінің аппаратына, ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдамалық анықтама

 

Абай ауданы әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімі аппараттарына, дербес бөлімдерге мамыр айында жеке және заңды тұлғалардан 518 өтініш келіп түсті.

Мәселелердің сипаты:

Жер қатынастары және ауылшаруашылығы мәселесі – 85 өтініш, жер учаскесінің құқық түрін жеке меншiкке ауыстыру – 72, тұрғын үй сұрағандар – 24, жол мәселесі – 1, әлеуметтік көмек – 4, электр желісі – 2, жұмыс сұраған – 21, ұсыныс, хабарлама, сұраныс – 154, интернет желісі (оптикалық байланыс) – 6, қаржы мәселесі (шатасып түскен қаражатты қайтару) - 42, басқа да өтініштер – 51, 56 өтініш кері қайтарып алынды.

Мерзімі бұзылған өтініштер тіркелген жоқ.

Соттың шешімі арқылы (сотқа берілген) қанағаттандырылған өтініштер жоқ.

Аудан бойынша барлық түскен жолданымдар уақытылы қаралып, қайта бағыттау мерзімі «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 65 бабының 1-тармағына сәйкес қатаң сақталуда.

2025 жылы аудан әкімі 32 жеке қабылдау жүргізіп, жеке және заңды тұлғалардың  108 өкілдерін қабылдады.

 

Қабылдауда көтерілген мәселелер

 

№

Мәселелер сипаты

Саны

1

Тұрғын үй мәселесі

56

2

Жұмыс сұрағандар

21

3

ТҮКШ мәселесі

4

4

Әлеуметтік көмек

10

5

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша несие

4

6

Білім гранты

3

7

Басқалары

10

 

Қабылдау барысында 10 азаматқа материалдық көмек, 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 4 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 2 азаматқа уақытша тұрғын үй берілді, 4 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді,                       1 азаматтың жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1 азаматтың үйінің қоршауы жөнделді, 1 азаматтың баласы бала бақшаға орналасты, 1 азаматтың жұмысы зейнет жасына толуына байланысты уақытша ұзартылды. Барлық өтініштерге хаттама жасалып «е-otinish» және «Бұлтты құжат айналымы» (ОДО) ақпараттық жүйесіне тіркеледі.

 

Дата публикации
29 мая 2025
Дата обновления
13 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы