Меню

Страницы

Статья

“Абай ауданы ардагерлер ұйымының ақиықтары” атты кітап-журналдың салтанатты тұсаукесері өтті!

“Абай ауданы ардагерлер ұйымының ақиықтары” атты кітап-журналдың салтанатты тұсаукесері өтті!

Тарихи және танымдық маңызы зор “Абай ауданы ардагерлер ұйымының ақиықтары” атты кітап-журнал жарық көрді. Бұл туынды — аудан ардагерлерінің өнегелі өмір жолын, елге сіңірген еңбегін ұрпаққа үлгі етуге арналған құнды еңбек.

200 данамен жарық көрген басылымға барлығы 150 ардагер туралы дерек енгізілген. Олардың барлығы ауданымыздағы ардагерлер ұйымдарына қатысты, тығыз байланыста болған азаматтар. Айта кетерлігі, Абай ауданында алғашқы ардагерлер ұйымы 1983 жылы құрылған болатын. Кітапта 11 “Социалистік Еңбек Ері”, 92 “Абай ауданының Құрметті азаматының” есімдері келтірілген. Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздік кезеңінде мемлекеттік марапаттарға ие болған 17 ардагердің өмір жолы баяндалған.

Жаңа туындыда ауданға қарасты 9 ауылдық округтің тарихы мен сол өңірдегі ардагерлердің өмірбаяндары қамтылған. Сондай-ақ, ауданның көрнекті орындары мен тарихи мекендерінің суреттері кітап беттерінде көрініс тапқан.

Кітап-журналдың жарық көруіне атымтай жомарт,жеке кәсіпкер, “Абай ауданының Құрметті азаматы” Тасболат Битенов демеушілік жасаса, басылымды жинақтап, баспаға дайындаған — “Абай елі” аудандық газетінің жауапты хатшысы, “Ұлылар елінің ұрпақтары” республикалық журналының редакторы Анар Сәрсенбина.

Кітап барлық ауылдық округтерге таратылып берілді.

Дата публикации
01 мая 2025
Дата обновления
01 мая 2025
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы