Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерге бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың электрондық карталары бар геопортал іске қосылғандығын хабарлаймыз. Оған www.vkomap.kz сілтемесі бойынша қосыла аласыздар.
Геоақпараттық портал тұрғындар мен бизнеске техникалық сипаттамаларды өтініш берушімен тікелей байланыссыз электрондық форматта беру бойынша қызметтерді ұсынады, сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып электрондық форматта құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, геопорталда «Аукциондар» модулі орналастырылған. Онда осы қалалардағы жергілікті атқарушы органдар аукционға шығаратын жер телімдері көрсетілген. Бұл модуль аукционға қойылған жер телімдері туралы мәліметтерді көруге және электронды карта арқылы оның орналасуын, бастапқы бағасын, ауданын көруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл геопорталда жер телімдерін онлайн түрде бағалауға, жер телімінің кадастрлық құнын анықтамаға сәйкес есептеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жер салығын және жалға алу құнын есептейді.
2020 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысының қалған 11 аудан орталықтарының электронды карталарын геопорталға орналастыру жоспарлануда.
Абай аудандық жер қатынастары бөлімі