Абай ауданының әкімі М.Смагуловтың аудан тұрғындарына берген есебі
Абай ауданының 2024 жылдың 9 айдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдық көрсеткіштері
|
Р/с |
Көрсеткіш атауы |
Көлемі, индексі |
|
1 |
Ауылшаруашылығы |
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 34 888,5 млн. теңге, индексі 105,0 пайыз. Ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке меншік тұлғалар 8 айда тірі салмақтағы ет – 14 202,7 тонна, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 106,4 пайызды, сүт – 18 960,8 тонна немесе 82,8 пайызды, жұмыртқа – 947,2 мың дана өндіріп, 100,8 пайызды құрады. 8 айдың қорытындысы бойынша 172 420 бас қой-ешкі малы, 103 567 бас мүйізді ірі қара, 71 041 бас жылқы малдары қолда бар. (Қой-ешкі малы 135,6 пайызға, мүйізді ірі қара малы 154,3 пайызға өсіп, жылқы малы 80,2 пайызға кеміп отыр). |
|
|
Тұрғын үй |
Қаңтар- қыркүйек айларында жеке секторларда 5 400 шарша метр тұрғын үй құрылысы салынды, өсім қарқыны 114,6 пайыз. 4 000,0 млн. теңгенің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,0 пайызды құрады. |
|
3 |
Жұмыспен қамту |
Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 433 адам. Тұрақты жұмысқа 314 адам орналасты. Қоғамдық жұмысқа 170 адам тартылды. |
|
4 |
Кіші бизнес |
Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпорындардың саны 1 481 бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0 пайыз. |
Жер көлемі – 2 млн 9мың 391 гектар.
|
Р/с |
Көрсеткіш атауы |
Көлемі, индексі |
|
1 |
Ауылшаруашылығы құрылымдарының пайдалымындағы жер тілемдері |
1 275 193 гектар ауылшаруашылығы құрылымындарының пайдаланымындағы жер 1 275 193,0 га, елді – мекен жері 175 241,0 га, көлік, байланыс, өндіріс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер 1446,0 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері 6400,0 гектар , орман қорының жері 8522,0 гектар, аудандық жер қоры 535 343,0 га. |
|
2 |
Мемлекетке қайтарылған жер телімдері |
5474,9609 гектар 2024 жылға жоспар: 7000 гектар. |
Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу
Абай ауданының аумағында 9 ауылдық округ бойынша 11 елді мекен бар. Ауданның жалпы аумағы 2 009 391,0 гектар, оның ішінде: ауылшаруашылығы құрылымындарының пайдаланымындағы жер 1 275 508 га, елді – мекен жері 275 952,42 га, көлік, байланыс, өндіріс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер 1446,0 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері 6400,0 гектар , орман қорының жері 8522,0 гектар, аудандық жер қоры 434 632 га.
Абай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қазандағы №132 санды және Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы №9/11-VIII санды және Абай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 55 бірлескен қаулысы және Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/7-VIII шешімімен «Абай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы бірлескен қаулы шешімі шығарылып, 9 ауылдық округтердің елді мекендерінің шекаралары және жайлаудағы жер учаскелері төмендегідей белгіленіп, бекітілді.
Құндызды ауылдық округі бойынша 3 жер учаскесі, жалпы алаңы 24 086,6 гектар.
Архат ауылдық округі бойынша 3 жер учаскесі, жалпы алаңы 29 014,58 гектар.
Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша 2 жер учаскесі, жалпы алаңы 43 002,74 гектар.
Саржал ауылдық округі бойынша 5 жер учаскесі, жалпы алаңы 33 723,4 гектар.
Медеу ауылдық округі бойынша 2 жер учаскесі, жалпы алаңы 9875,4 гектар.
Кеңгірбай би ауылдық округі бойынша 3 жер учаскесі, жалпы алаңы 17 304,7 гектар.
Қарауыл ауылдық округі бойынша 9 жер учаскесі, жалпы алаңы 50 010,0 гектар.
Көкбай ауылдық округі бойынша 7 жер учаскесі, жалпы алаңы 48 106,0 гектар.
Тоқтамыс ауылдық округі бойынша 5 жер учаскесі, жалпы алаңы 20 829,0 гектар.
Аудан бойынша елді мекен жері 175241,0 гектар болған, 3 ауылға қосымша 71730,0 гектар жер қосылып, сонда елді мекен жері жиыны 277 448,8 болды.
Ауданымыздың негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы.
Абай ауданында 01.09.2024 жылға 103 567 МІҚ, 172 420 қой ешкі малы және 71 041 бас жылқы малы тіркелген.
Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны – 537.
Ауданда асыл тұқымды шаруашылық саны 44, оның ішінде қоймен - 22, ірі қарамен - 21, жылқымен - 1 шаруашылық айналысады.
Биылғы жылы 8 айда:
өндірлген ет – 14,2 тонна
сүт – 18,9 тонна
|
Аудан бойынша тіркелген техника саны |
|
|
682 |
437 трактор, 199 тіркеме, 46 жол құрылыс техникалары. 12 трактор лизингке және өз қаражаттарына 130 млн 094 мың теңгеге және 7 қосалқы 23 млн.110 мың теңгеге сатып алынды. Жиыны 153 млн. 204 мың теңгеге техника алынды. |
Аудан бойынша тіркелген кіші және орта кәсіпорын саны -1468 бірлік.
Аудан бойынша 2024 жылғы қыркүйекке 1392 шағын орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр, 67-сі азық-түлік дүкені.
Жыл басынан бастап 10 монитоингтік топпен 165 рейд жүргізілді.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері аудан орталығы Қарауылда жиыны 3 жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде «ARDAGER»-дің өңімдері, ауылдардан ет-сүт өнімдері, Бородулиха өңірінің таза балы, «Ай-Ар» ЖШС-нен арпа, кебек жемі, «Агрофирма приречное» ЖШС әр түрлі көкөніс түрлері (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) және жұмыртқа өнімдері сатылымда болды.
«Северный» СЛО-да Абай ауданының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі 2 мәрте өтті.
Жәрмеңкеде өткен өнім сиыр еті – 4,0 тонна, жылқы еті 4,0 тонна, қой еті- 0,5 тонна.
Ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйектерінде елордамызда “Қазанат” ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолы, 1 мекен-жайы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті өңірлік жәрмеңкесі өтті.
Аталған жәрмеңкеге ауданымыздан жиыны 5 шаруа қожалық және 4 жеке кәсіпкер қатысты. Жәрмеңкеде жиыны 12 тонна (жылқы, сиыр және қой) еті, 4,5 тонна қымыз және қымыздан жасалған балмұздақ әкелініп саудаланды.
ВЕТЕРИНАРИЯ
Аудан бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты.
|
Р/с |
Ауыл шаруашылығы жануарының түрі
|
Бруцеллезге тексерілгені (2024жыл)
|
Оң нәтиже бергені |
Көрсеткіші, пайыз
|
|
1 |
мүйізді ірі қара |
86386 бас (жоспарға сәйкес жылына 2 мәрте алынады) |
75 бас |
0,08%
|
|
2 |
қой-ешкі малы |
139624 бас (жоспарға сәйкес жылына 2 мәрте алынады) |
0 |
0 %
|
Дезинфекциялық жұмыстар:
|
Р/с |
Объект саны (2024 жыл) |
Аумағы
|
|
1 |
25 |
16832 шаршы метр
|
Бруцеллезге қарсы вакцина егу:
|
Р/с |
Ауыл шаруашылығы жануарының түрі
|
Вакцина атауы |
Егілген мал басы (2024 жыл) |
|
1 |
мүйізді ірі қара |
«РВ-51» |
2850 |
Абай ауданы бойынша саяқ саяқ шегірткелерді залалсыздандыру жоспары 1800 га, оның 1800 га жүргізілді. Қосымша 2000 га-ға облыстан хат арқылы бөлініп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша жиыны 3800 га залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
ӨНЕРКӘСІП
Сонымен қатар Қасқабұлақ ауылдық округінде қой еті, сиыр еті, жылқы еті, түйе еті, қой жүні және түйе жүнін жылына жалпы 130 тонна өндеумен айналысатын «Қасқабұлақ ЖШС жұмыс жасауда.
СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
Абай ауданында жалпы жолдар жүйесінің ұзындығы – 413 км:
республикалық маңыздағы – 70 км,
облыстық маңыздағы – 258 км,
аудандық маңыздағы – 85 км.
|
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауданымызда 2024 жылға 3 жоба арқылы 4 көшесіне 3,73 км орташа жөндеу және 3 ауылдың 5 көшесіне көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді:
|
|||
|
Р/с |
Атауы |
Қаражат көлемі, мың теңге |
Мердігер
|
|
1 |
«Қасқабұлақ ауылындағы Достық көшесін орташа жөндеу 0,7 км». |
45 464,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС |
|
2 |
«Көкбай ауылындағы Мырза батыр көшесін орташа жөндеу 0,580 км». |
39 493,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС |
|
3 |
«Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесін орташа жөндеу 1,7 км». |
97 615,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС
|
|
4 |
«Қарауыл ауылындағы Мамай көшесін орташа жөндеу 0,750 км». |
45 299,0 мың теңге |
«Дерикар» ЖШС
|
|
|
|||
|
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы ауылдардағы көше жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстары:
|
|||
|
1 |
«Қасқабұлақ ауылындағы Достық көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны 14 959,0 мың теңге; Келісім шарт құны – 6 800,0 мың теңге |
"TRIADA-S" ЖШС, Өскемен қаласы. Жөндеу жұмыстары аяқталды.
|
|
2 |
«Көкбай ауылындағы Шәкәрім көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны – 29 631,0 мың теңге; Келісім шарт құны – 17 192,0 мың теңге. |
"TRIADA-S" ЖШС, Өскемен қаласы. Жөндеу жұмыстары аяқталды. |
|
3 |
«Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны 25 098,0 мың теңге; |
Келісім шарт құны – 16 106,7 мың теңге. |
|
4 |
«Қарауыл ауылындағы Мамай көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны – 22 942,0 мың теңге Келісім шарт құны 15 829.8 мың теңге. Жөндеу жұмыстары аяқталды. |
Жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды |
|
5 |
«Қарауыл ауылындағы Бекбосынов көшесінің жарығын ағымдағы жөндеу» |
сметалық құны – 18 948,0 мың теңге. Келісім шарт құны – 11 673,2 мың теңге. |
"ИП Akshauli", Семей қаласы. Жарықтандыру жұмыстары толықтай аяқталды. |
|
|
|||
Аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары:
2.«Аудандық маңызы бар Тоқтамыс ауылына кіре беріс жолын орташа жөндеу 10 км». Сметалық құны –638 185,4 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер – «Семей жолдары» ЖШС болып анықталды. Келісім шарт құны – 613 760,0 мың теңге. Орындалу мерзімі қазан айының соңына дейін. 09.07.2024 жылы облыстық бюджеттен толық қаржысы бөлінді.Бүгінгі күні 2,2 км жолдың негізі дайын. 6 техника. (1-грейдер, 1-К-700, 3-камаз, 1-погрузчик.)
6-шансиман материалдарды тасу жұмыстарын жүргізуде.
2024 жылы іске асырылатын жобалар мен жұмыстар
1.Қарауыл ауылындағы көпқабатты тұрғын үй қабырғасына Абайдың суретін салу. Сметалық құны 5 668,9 мың теңге. Жергілікті бюджеттен жобаға қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер "ОПС и К" ЖШСболып анықталды. Келісім шарт құны – 5 040,0 мың теңге. Жөндеу жұмыстары аяқталды.
2.Қарауыл ауылындағы Ералы көшесінің жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу.Сметалық құны 25 085,0 мың теңге. Жергілікті бюджеттен жобаға қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер"Магнитон" ЖШС болып анықталды. Келісім шарт құны – 20 533,3 мың теңге. Жөндеу жұмыстары аяқталды.
Шаруақожалықтарға электр желісін қосу
Архат ауылдық округіне қарасты ШҚ «Амангелді» қыстау «Жанибек»; ШҚ «Нұрбол» қыстау «Копа», ШҚ «Жиеншора» қыстау «Шокпартас»; ШҚ «Кабанбай» қыстау «Акбастау»; ШҚ «Сертек» қыстау «Сертек»; ШҚ «Тока» қыстау «Тока» к ВЛ-10кВ Л-1 ПС-35/10кВ «Жананур»
Тоқтамыс ауылдық округіне қарасты ШҚ "Сәулет" қыстау Будан, ШҚ "Нұржан Жағыпбай" қыстау Жағыпбай, ШҚ "Нұржан Төлеубай" қыстау Төлеубай ВЛ-10кВ Л-2 ПС-110/35/10кВ «Бестамақ» нысандарың электр желісіне қосу үшін құжаттар «БЭСК» АҚ және «Шығысэнерготрейд» АҚ мекемелеріне өткізілді. Бүгінгі күнде қожалық иелерімен «Шығысэнерготрейд» АҚ мекемесімен арасында келісім шартқа отырды.
Тұрғын үй құрылысы.
|
Р/с |
Ауыл атауы |
Тұрғын үй салынған жылдар
|
|||
|
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл
|
2023 жыл |
||
|
1 |
Қарауыл ауылы |
32 пәтер |
32 пәтер |
32 пәтер |
22 пәтер |
|
|
Қасқабұлақ, Саржал, Көкбай, Құндызды, Кеңгірбай-би |
|
|
|
20 пәтер |
Атап айтқанда, 16 - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 55 - көп балалы отбасыға, 45 - халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдар, 17- бюджеттік қызметкерге, 5- жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдай тұрған адамдарға берілді.
Абай ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған азаматтар саны – 299адам.
2024 жылы 1 қабатты 2 пәтерлі 35 тұрғын үй (5 550 м2), жиыны 66 пәтердің құрылыс жұмыстары 9 ауылдық округте және 1 елді мекенде жүргізілуде.
Қазіргі уақытқа бөлінген қаржы – 166 600,0 мың теңге. Сонымен қатар Самұрық-Қазына қорынан қаржы қарастырылатын болады. 2023 жылмен (42 пәтер) салыстырғанда 2024 жыл (70 пәтер) 66%-ға жоғары.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ
|
Р/с |
Көрсеткіш атауы |
Ақпараты
|
|
|
Атаулы әлеуметтік көмек 32822,6 мың теңге |
114 отбасыға (658 адам, 418 бала) Соның ішінде: - 64 көп балалы отбасылар (438 адам, 299 бала); - 50 аз қамтылған отбасылар (220 адам, 119 бала).
|
|
|
кепілдендірілген әлеуметтік пакет |
отбасылардың 1 жастан 7 жасқа дейінгі 93 отбасының 171 баласына 5538 теңгеден кепілдендірілген әлеуметтік пакет 5089,4 мың теңгеге төленді |
|
|
|
Абай ауданы бойынша 2024 жылға берілген өңірлік карта жоспары және орындалысы: Қоғамдық жұмыс жоспар 170 адам, орындалысы 170 адам. Әлеуметтік жұмыс орны жоспар 9 адам, орындалысы, 9 адам. Жастар практикасы жоспар 23 адам, орындалысы 23 адам. Алғашқы жұмыс орны жоспар 9 адам, орындалысы 9 адам. Күміс жас жобасы жоспар 30 адам, орындалысы 31 адам. Ұрпақтар келісімшарты жобасы жоспар 1 адам, орындалысы 1 адам. |
|
|
|
Қысқа мерзімді оқу жоспар 23 адам, орындалысы 23 адам. Грант жоспар 7 адам, орындалысы 7 адам. Жастарға 2,5 % кредит жоспар 20 адам, биылғы жылға қаражат қарастырылған жоқ. Бос жұмыс орындары жоспар 288 адам, орындалысы 320 адам. Қоныс аудару жоспар 18 адам, орындалысы 28 адам. Қандастар жоспар 5 адам, орындалысы 5 адам. Инфрақұрылымдық жобалар жоспар 14 жоба 54 жұмыс орны, орындалысы 13 жоба 109 адам.
|
|
|
|
«Жасыл ел» -92 адам |
БІЛІМ САЛАСЫ
Бүгінде аудан бойынша аудан бойынша 9 орта мектеп, 1 жалпы білім беретін гимназия және 1 негізгі орта мектеп жұмыс жасайды. 6 балабақша (оның ішінде 2 балабақша жекеменшік) және 6 шағын орталық. Облыстық білім басқармасына қарасты «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» мен «Абай колледжі» жұмыс жасайды.
Қосымша Тоқтамыс ауылында 1 жеке меншік 50 орындық балабақша 2023 жылдың маусым айынан бастап өз жұмысын бастады. 3-6 жастағы балалардың қамтылуы – 786 бала. 2 қосымша білім беру мекемесінде (саз және көркемсурет мектептері) оқу жыл ішінде 711 оқушы қосымша білім алады.
Ұстаздардың жоғары білімдісі – 469 (88,8%), арнаулы орта білімдісі-59 (11,1%), педагог-зерттеуші – 70 (13,2%), педагог-сарапшы– 131 (24,8%), педагог-модератор-183 (34,6 %), педагог санаттысы -127 (24,0%).
2023 жылдың 1 қараша күні аудан орталығы Қарауыл ауылында орналасқан Жалпы білім беретін орта мектебі ғимаратының сол жақ қанатынан Абай облысының білім басқармасына қарасты педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті ашылып, өз жұмысын бастады. Кабинеттің ашылу жұмыстарына облыстық бюджеттен 40 млн 147 мың тг қаражат бөлінді. Бүгінгі күні ерекше білім беруді қажет ететін тізімдегі 0-18 жас аралығындағы 33 балаға Монтессори, логопед-дефектолог, педагог-психолог, емдік денешынықтыру, музыкалық-ырғақ және әлеуметтік педагог – жиыны 9 арнайы маман тағайындалып, жұмыс атқарып отыр.
11 мектеп бойынша 1-4 сынып оқушыларын әлеуметтік жағдайына қарамастан толық ыстық тамақпен қамтығанда 707 оқушы, 5-11 сыныптарда ҚР 2008 жылғы 25 қаңтарындағы №64 қаулысына сәйкес 586 оқушы, барлығы 1293 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Қаратылған қаржы көлемі 101 млн 800 мың теңгені құрайды.
Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен 2024 ж 1 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы негізінде бір реттік қаржылай көмек алу үшін 43 181 000 тг қаржы бөлінді. Бүгінгі күнде әлеуметтік осал топтан шыққан, жетім, қамқорлықтағы 847 оқушыға әр балаға шаққанда 43 442 тг қаржылай көмек көрсетіліп, мектеп формасымен, аяқ киім және оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді.
«Мектепке жол» акциясы негізінде 2024-2025 оқу жылында (аз қамтылған, көпбалалы отбасының балаларына) демеушілер есебінен 980 000 теңге қаражатқа 142 балаға сөмке, оқу-құралдар, маусымдық киімдер, қаржылай көмек т.б. көрсетілді.
2024 жылға 368573,0 мың теңгеге сұранысқа сметалық құжаттар өткізіліп, 3 мектепке 13474,0 мың теңге қаржы бөлінді: Ш.Әбенов атындағы орта мектебінің ағымдағы жөндеуге 6184,0 мың теңге; Медеу орта мектебінің жылу трассасына 2008,0 мың теңге, қосымша 5626,0 мың теңге қажет; Мамай атындағы негізгі орта мектебінің ғимаратының электр жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5282,0 мың теңге.
2024 жылға 9 мекемеге 27017,0 мың теңгеге сметалық құжаттары өткізіліп, ЖОББМ 10000,0 мың теңгеден 2 кабинетке (физика, биология) 20000,0 мың теңге және Көкбай атындағы орта мектебіне физика кабинетіне 10000,0 мың теңге қаржы қаралды. Жалпы биылғы жылы ауданның білім саласына мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жиыны 77239,0 мың теңге қаражат бөлінді. ҚР Білім туралы Заңының 5-тармақшасына орай, ауданның білім беру ұйымдарының жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы бойынша барлық білім беру мекемелерінің жылу жүйелері, оқу бөлмелері, спорт залдар, мектеп асханалары, кітапханаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жаңа оқу жылына облыстық білім басқармасынан 5334 данаға 13 млн 993 мың 744 теңге қаражат бөлініп, жетпейтін оқулықтарға толықтай сұраныс берілді. «М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ кітапханасы жаңа бөлмеге ауыстырылып, модификациядан өтіп, толықтай заманауи ресурстармен жабдықталды.
«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ «Қазақстан халқына» қолдау қорынан 250 млн теңге бөлінді. Бұл қомақты қаражатқа заманауи зертханалар, жаңартылған кабинеттер, интерактивті тақталар және 26 оқу кабинет, шеберханалар жабдықталып, жаңадан арт және телестудия кабинеттері ашылды.
«Абай колледжінде» 2024-2025 оқу жылында 142 студент білім алуда, ағымдағы жылы бітіруші түлектер саны 62 студент. Колледжде 23 оқытушы жұмыс жасайды.
Бүгінгі таңда колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша 85 орын берілген, толығымен орындалды.
Биылғы оқу жылында колледжде 6 мамандық бойынша оқытылады.
Колледж теңгерімінде әкімшілік ғимараты, 36 адамға арналған жатақхана, 4 автокөлікке арналған (бокс) тұрақ, оқу шеберханасы бар.
3 дана ауыл шарушылығы техникаларымен («МТЗ – 82» – 2 дана, «ДТ – 75» – 1 дана) қамтылған.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Аудан бойынша медициналық көмекті:
-1 орталық аурухана;
-1 кеңес-диагностикалық емхана;
-5 дәрігерлік амбулатория;
-3 медициналық пункт;
-1 ФАП бар.
Жоғары білімді дәрігерлер саны - 34.
Орта буын медицина қызметкерлері – 105.
2023 жылы Абай ОАА-ға 6 дәрігер келді. 2024 жылы Абай ОАА-ға 3 дәрігер келді Кадр тапшылығының төмендеуі байқалады. 2023 жылы Абай ОАА үшін дәрігерлердің тапшылығы 8 дәрігерді құрады. 2024 жылы Абай РБ үшін дәрігерлердің тапшылығы 3 дәрігерді құрайды, оның ішінде реаниматолог-1, хирург-1, психиатр-нарколог-1.
2023 жылы Абай аудандық ауруханасы кредиторлық берешексіз бітірді. Бір тұрғынға шаққандағы КТС 2023ж-3015,32 теңге 2024 жылғы бір тұрғынға МТН - 37,58 теңге КТС өсімі байқалады, қазіргі уақытта ҚР ДСМ-ден тапсырма келіп түсті, онда ауылдық денсаулық сақтау, атап айтқанда, шағын Халыққа қызмет көрсететін РБ шығындарды жабатын КТС көру туралы ұсыныс енгізуі тиіс, РБ-да қаржылық тәуекелдер болмайды.
2024 жылы Абай ОАА үшін маңызды мәселелер шешілді - Саржал ауылында АА, 2 ауылда (Медеу, Орда) АА салу. 2023 жылы ОА ДСБ медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі мәселесін шешті, Абай ОАА үшін аурухананың қызмет ету тарихында алғаш рет Епу-да ең қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды. 2023 жылы сомасы - 128 821 033,01 теңге, 2022 жылмен салыстырғанда сомасы-26 690 809,00 теңге.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Абай ауданында 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі және 5 ауылдық клуб, 4 халық театры, 2 халық ән-би ансамблі жүйелі жұмыс жасап тұр. Онда, жалпы саны 145 адам жұмыс істейді.
2024 жылдың 9 айына 9 мәдениет ошақтары бойынша 124 мәдени іс -шара өтті.
18 мамыр-Халықаралық музей күніне орай Семей қаласындағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей- қорығында қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына байланысты «Алашқа даңқы шыққан-ер Құнанбай» атты көрменің ашылуы өтті. Шара барысында «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнепрапаздары өнер көрсетті. Музей директоры Ұ.Сағадиев 30 жылдай Абай бейнесін сомдап жүрген Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, ансамбліміздің әншісі Төлеухан Космонавт Сағидоллаұлын «Абай музейі» медалімен марапаттады.
Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл, әнші, сазгер Жәнібек Кәрменовтың туғанына 75 жыл толуына байланысты ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен Қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Ұлы дала ұлағаты» тақырыбымен аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауы наурыз айында өтті. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар аудан әкімінің дипломымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Дала данышпаны, тарихи тұлға Құнанбай Өскенайбұлының 220 жылдық мерейтойы өтті. Аудан өнерпаздарының қатысуымен «Бала Құнанбайдан-Дана Құнанбайға дейін» тақырыбында театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
Шара барысында Абай облысының әкім Н.Ұрнахаевтың арнайы сыйлығы 50 орындық автобус автокөлігінің кілтін «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің ұжымына табысталды.
КІТАПХАНА САЛАСЫ
Абай ауданында 1 аудандық, 9 ауылдық кітапхана, барлығы 10 кітапхана оқырмандарды кітаппен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы штат саны 26,5 бірлікті құрайды.
Кітап қоры – 152519, қазақ тілінде – 104751.
Жалпы кітап қорының жаңартылу мүмкіндігі пайызға шаққанда 1,2 пайызды құрайды. Қордың жаңартылу деңгейі қазақ тілінде 1,15 %-ті құрады.
Абай аудандық М.Әуезов атындағы кітапханалар жүйесінде 2024 жылдың 9 айында:
171 іс-шара өткізілді, оның 148-і офлайн, 23-і онлайн форматындағы шаралар. өткізілді. Мәдени шараларға қамтылған халық саны – 408 адам.
СПОРТ САЛАСЫ
2024 жылы аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 5810 адам, ол жалпы халық санының 41,9% құрайды.
Бүгінгі күні 27 спорттық нысандар бар, олар: 2 спорт кешені, 10 хоккей алаңы, 1 жүзу бассейні, 1 Ипподром, 13 жазықтық құрылымдар бар.
19 спорт залдар: 12 мектептің спорт залдары, 4 спорт кешенінің спорт залдары (күрес залы, бокс залы, жаттығу залы және ойын залы), 1 спорт зал ескі спорт мектебінің ғимараты (көркем гимнастика залы) және 2 спорт зал Құндызды ауылында (күрес залы мен жаттығу залы). Бұл спорт нысандарының барлығы бүгінгі күні халық үшін қолжетімді.
2023-2024 жылдары «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Көкбай ауылдық округінде спорт модулінің құрылысы жүргізілуде. Мердігер: «ГрадСтройСервис» ЖШС. Жоба құны 521 264 млн.теңге. Құрылыстың салыну мерзімі - 2023 жылдың мамыр-қыркүйек айлары, 2024 жылдың 3 тоқсаны.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында ауданда 80-ге жуық іс - шаралар өткізілді, қатысушылар саны-2930 адам.
Кәкітаев Алтынбек Серікұлы Абай ауданынан шыққан Сурдо Дзюдодан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.
Ақпан - мамыр айлары арасында Абай облысының мемлекеттік қызметшілері арасында спорттың 7 түрінен (қазақ күресі, бильярд, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол және шағын футбол) спартакиада өтті. Аудан командасы жалпы есеп бойынша 2 орынға ие болды.
Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойына арналған «Ашамай» ұлттық спорт түрлерінен 9 спорттық шара өткізілді. (топ бәйгеге, жорға жарысы, аламан бәйге, көкпар, асау үйрету, жамбы ату, теңге алу, аударыспақ, қазақ күресі өгіз палуан және түйе палуан).
17-21 маусым күндері «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» Азамат Сайнды еске алуға арналған 2008-2009, 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан ашық облыстық турнир өтті.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 120 орындық зал, дыбыс жазу орталығы жұмыс жасауда.
Жастар орталығының 2024 жылға бюджеті 37 млн 603 мың теңге, оның ішінде жастар саясатын іске асыруға 4 млн 510 мың теңге бөлінді.
Аудан бойынша статистикалық мәліметке сәйкес 14-35 жас аралығында жиыны 4428 жас бар.
Абай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған мемлекеттік жастар саясатының орындалу жоспарында «Жастар ұйымдарын дамыту», «Волонтерлық бағыт», «Отбасылармен жұмыс», «ЖРО әлеуетін арттыру», «Тәуелділіктің алдын-алу» және «Жастарды жұмыспен қамту» бағыттары бойынша жиыны 90 шара қамтылған.
Бүгінгі күні мемлекеттік жастар саясатын орындау жоспарына сәйкес аудан жастары арасында 72 шара, жоспардан тыс 33 шара және 1 облыстық «Аяулы жас келін-2024» шарасы өтті.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Абай ауданы полиция бөлімінің 2024 жылдың 9 айдың жұмыс қорытындысы бойынша 19 қылмыс тіркеліп, 86.7 пайызға ашылған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың тіркелуі 11 қылмысқа төмендеген.
Қылмыс түрлеріне тоқталатын болсақ, 2024 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 5 ауыр қылмыс тіркеліп 100 пайызға ашылған.
Биылғы 19 қылмыстың 6 мал ұрлығы. Мал ұрлығының алдын-алу мақсатында 2024 жылы 7 рет аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, мал бағуды ұйымдастыру және жылқы малдарына GPS қондырғысын орнату туралы ұсыныс білдірілген болатын. Қазіргі уақытта аудан бойынша 34 шаруа қожалық иелері және 20 аудан тұрғындары осы қондырғыны жылқы малдарына орнатты.
Ауылдық округ әкімдерімен және шаруа қожалық жетекшілеріне түнгі уақытта көлік жарығымен шағылысатын ленталар тағу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.