Меню

Страницы

Статья

2024 жылы Абай ауданында жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бойынша атқарылған іс шаралар туралы

2024 жылы Абай ауданында жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бойынша атқарылған іс шаралар туралы

 

2024 жылы 9 айда «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы:

Агробизнес бағдарламасымен:

  • Қарауыл ауылдық округінен 3 адам 69 920 000 теңге,
  • Қасқабұлақ ауылдық округінен 2 адам 102 460 000 теңге,
  • Саржал ауылдық округінен 1 адам 50 320 000 теңге,
  • Көкбай ауылдық округінен 2 адам 14 470 000 теңге,
  • Құндызды ауылдық округінен 2 адам 8 640 000 теңге,
  • Архат ауылдық округінен 5 адам 44 160 000 теңге.

Жиыны 15 адам 289 970 000 теңге несие қаражатын алды.

Агробизнес бағдарламасы негізгі құралдарды сатып алу (оның ішінде объектілерді жаңғырту), мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, қайта өңдеу кәсіпорындарына және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

 

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру:

 

  1. Қоғамдық жұмыстар мемлекеттік ұйымдар мен жеке секторларда жұмыссыздар үшін ұйымдастырылады. Келісім шарт уақыты 12 айдан аспау шарт. 01.11.2024 жылға қоғамдық жұмыстар арқылы 170 адам мемлекеттік органдарға және жеке секторларға жұмысқа жолданды.
  2. "Күміс жас" жобасы бойынша зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмысқа жолданады. 2024 жылғы жеке меншік секторларын қолдау аясында 31 адам 36 айға жұмысқа жіберілді.
  3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына келісімшарт арқылы еңбекақысының 35% судсидиялай отырып 9 адам жұмысқа жіберілді.
  4. Жастар практикасына өз мамандығы бойынша алдыңғы бес жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 жасқа толмаған жастар жолданады. Биылғы жылы 23 жас маман түрлі меншік нысандарына жұмысқа жолданды.
  5. Алғашқы жұмыс орнына алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, 35 жасқа толмағандар,оның ішінде жұмыссыз жастар жолданады. Биыл 18 айға  9 адам жұмысқа жіберілді.
  6. Ұрпақтар келісімшарты жобасы зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскердің орнына 6 ай жұмысқа  1 адам жіберілді.
  7. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттар 7 адамға берілді. Олар 3 жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкер, 4 адам грант алғаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде кірістер басқармасына тіркелді.
Дата публикации
30 октября 2024
Дата обновления
30 октября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
21 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы