Меню

Страницы

Статья

«Абай елі» газеті туралы

«Абай елі» газеті туралы

 

2006 жылы қыркүйек айының 1-7 күндері аралығында сан түрлі атаулармен шығып келген аудандық басылымдардың жалғасы «Абай елі» қоғамдық-саяси газетінің ең алғашқы №1 (001) саны жарық көрді.

Газет 2006 жылдың 21 маусымы күні сол кездегі аудан әкімі Үйсімбаев Бақыт Сүлейменұлының арнайы қаулысы негізінде «Абай елі» газеті коммуналдық мемлекеттік казыналық кәсіпорыны болып құрылды. Кейіннен, 2012 жылдың 18 қаңтарында «Абай елі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып жаңа атауға ауыстырылды. Құрылтайшысы - Абай ауданы әкімі аппараты және басқару органы - Абай ауданының ішкі саясат бөлімі болып бекіді.

Газеттің ең алғашқы бас редакторы лауазымына Нұртазина Сәуле Зәрерқызы тағайындалды.

2014-2018 ж.ж. Байтөсов Нұржан Мейізханұлы бас редактор - директор болды

2018-2021 ж.ж. Мырзақасым Әсет Медеуханұлы бас редактор - директор болды.

2021-2024 ж.ж. Байболов Бакытжан Акановичтің  бас редактор - директор болды.

Газет 2006-2009 жылдар аралығында айына екі рет 12 беттен 24 бетке дейін жарық көріп тұрды. Жұмысы жүйеленген редакция қызметі тек 2010 жылы ғана айына 3 рет, яғни, 10 күнді қамтып, кейін осы жылдың аяғынан бүгінгі күнге дейін аптасына бір реттен айына 4 сандық газет болып шыға бастады.

2007 жылы Өскемен қаласында журналистердің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында «Абай елі» газеті облыс әкімінің арнайы марапатымен 1000 доллар сыйақыға ие болды.

«Абай елі» газеті бұдан кейін де жыл сайын облыстық, аудандық марапаттарға ие болып жүрді.

2015 жылы «Абай елі» газетінің ғаламтордағы сайты күллі республика бойынша «Ең үздік арнайы жоба» номинациясын жеңіп алды.

2012 жылы ЖШС «Абай елі» газеті құрылтайшысы аудан әкімдігі  болса  2021 жылы 21 маусымнан бастап жекешелендіру бойынша Байболов Бакытжан Акановичтің  жеке меншігіне өтсе, бүгінгі таңда 2024 жылдың қаңтар айнан бастап Акрам Жібек Жанарбекқызының жеке меншігінде. Газет аптасына 1 рет шығады, таралымы 2300 дана. Штат саны 6 адам. Қарауыл әкімдігінің балансындағы ғимаратта орналасқан.

Қазіргі таңда үлкен ұжым болып, ауданымыздың айнасына айналған «Абай елі» газетінің өзіндік оқырманы бар.

Дата публикации
30 октября 2024
Дата обновления
30 октября 2024
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиороликтер
19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы