2023 жылғы 29 маусымда Абай ауданы әкімінің орынбасары
М.С. Смагуловтың және мемлекеттік аудит объектілерінің қатысуымен Абай ауданының жекелеген объектілерінің бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау, пайдалану тиімділігінің, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің өңір экономикасына ықпалының сараптамалық-талдамалық іс-шарасының және мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жөніндегі тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бюджеттік процесті жетілдіруге және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігін сипаттады.
Қамтылған қаражаттың жалпы 1 379 068,0 мың теңге сомасынан Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының 1 274 899,6 мың теңге сомаға немесе 92,5% мынадай бұзушылықтары анықталды:
түскен кезде 3 859,9 мың теңге;
қаржылық бұзушылықтар 1 040 151,9 мың теңге;
бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 168 855,0 мың теңге;
бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану 62 032,8 мың теңге;
Сондай-ақ ықтимал шығындар мен жоғалған пайда 2 650,9 мың теңге, 33 рәсімдік бұзушылық анықталды.
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 1 044 011,8 мың теңге өтелуге/қалпына келтіруге жатады. Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында 1 044 011,8 мың теңге өтелді/қалпына келтірілді және 4 лауазымды тұлға анықталған бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Отырыс нәтижесі бойынша аудан әкіміне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жолданды.
Аудит объектілеріне аудиторлық қорытынды жолданып, жұмыста анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар берілді.
Бұдан басқа, құзыреттер шеңберінде қарау үшін аудит материалдары Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.