Меню

Страницы

Статья

АЗАМАТТАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ

       Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын  мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жылсайынғы Жарлыққа қол қойды.

       2020 жылы 34 мыңнан астам әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру жоспарланды.

       Осы уақытқа ҰҚК Шекара қызметін және Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде жүргізілуде.

        Осы шақырудың ерекшеліктерінің бірі жүргізу мерзімдері болып табылады. Осымен 2020 жылғы 30 сәуірдегі Қазакстан Республикасы Президентінің № 312 Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу мерзімдері маусым айынан тамыз айына дейін ұзартылды, өйткені еліміздегі енгізілген төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды.

        Бұл ретте әскерге шақырылушылар және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында короновирустық инфекцияны енгізілуін және тарлуын ескерту, алдын алу шараларын күшйету мақсатында жиын (әскерге шақыру) пунктерді кіреберіс жерлерінде медициналық посттар (фильтрлар) орналастырылды. Жас буынды салтанатты шығарып салулар тоқтатылды. Облыстық медициналық комиссиялар құрамдарына дәрігер-инфекционистер енгізілді.

       Сонымен қатар шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді денесі сау және моральды даярланған жастармен жасақтау болып табылады.

        Осыған байланысты шақыруды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар әскерге шақыру және медициналық комиссияларды құрайды, оның төрағасы әкім орынбасары, ал медициналық комиссияның төрағасы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып табылады.

        Әскерге шақырушыларды іріктеудің айқындығы үшін, соныме қатар әскерге шақыру комиссия құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді.

        Көрсетілген комиссияның қабылданған шешімінің негізінде біздің жастар әскерге жолданады.

        Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскеррге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Мысалыға: Қорғаныс Министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін ІТ-мамандықтары, сондай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметрлері 170 см төмен емес сияқты әскерге шақырылушының дене бітімдері маңызды, спортшыларға талдау беріледі.

          Алайда осымен бірге Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж.

        Әскерге шақырылғаннан және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Карантин кезінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық жүргізіледі.

        Әскерге шақырылғандардың бөлігі 6 ай ішінде мынадай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді: БТР, БМП, танк механик-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілер, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштері оқу орталықтарында байланыс мамандары.

        Оқу аяқталысымен олар мамандар ретінде  әскери бөлімдерге жолданатын болады.

        Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жас адамдарды тәртіпке, жауапкершілікке, өздігінен болуға үйретеді, дене күшіне және шыдамдылыққа ие болады.

        Әскерде берік достық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер топпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларда тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда, күрделі әскери техниканы пайдалануда техникалық дағдыларға ие болады.

        Бұл ретте орта-техникалық немесе жоғары білім бар әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметке түсуге құқықтары бар. Атап айтқанда егер әскерге шақырылушы өзінің өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарласа, онда ол келісімшарт бойынша қызметке жарты жылдан кейін-ақ кіре алады!

        Сондай-ақ шақыру кезінде азаматтар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға және босатуға құқықтары бар.

        Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:

        1)отбасы жағдайы бойынша;

        2)білімін жалғастыру үшін;

        3)денсаулық жағдайы бойынша;

        4)басқа себептер бойынша, мысалы:

        1)оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;

        2)ауылды жерлердегі дәрігерлерге;

        3)олардың құзірет мерзімдеріне Парламент немесе жергілікті уәкілетті органдардың депуттартарына;

        4)тергеу мақсатындағы тұлғаларға;

        5)азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелері, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;

        6)кеме экипаждарының мүшелеріне;

        7) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

        Маңызы аз емес жаңалықтың бірі мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырушылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінге қалдыру енді қосымша беріледі:

        - оқытушаларға жұмысының барлық кезеңіне;

        - құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

        Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.

        Кеңесті Қорғаныс министрлігінің сайтындағы телефондар арқылы алса болады.

        Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударылады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі.

        Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізіледі. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорынынң және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәшіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездетіп шешімдер қабылдау үшін мекен-жайларға түседі.

        Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалар туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жүмыс жүргізіледі.

 

Қорғаныс істері жөніндегі

 біріктірілген бөлімі

Дата публикации
18 июня 2020
Дата обновления
18 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы