Қазақстын Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспары аясында Саржал ауылдық округінде тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. 2020 жылдың 5 қаңтар күні Саржал ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2020 жылға арналған іс шаралар бағдарламасы бекітіліп, жоспар құрылды.
Абай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының 26-тармағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту іс шаралары бойынша 05.03.2020 жылы Саржал ауылдық әкімшілігінде АӘК алушылармен жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша табысын жасырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан кейін де айналысатын кәсіптерін уақытында хабарлап отыру жөнінде түсініктеме берілді. Мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуы бағытында құқықтық түсіндірме жұмысы үнемі жүргізіліп, таныстырылып отырылады. Әкімшілік ғимаратының қабылдау бөлмесінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппартының әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлының азаматтарды қабылдау кестесі ілінді.
Ауылдық округте мекеме жұмысшы-қызметкерлері, «Nur Otan» партиясы мүшелері, ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтарының қатысуымен ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар әзірлеу, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу туралы жиналыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес оның алдын алу профилактикасы бойынша дөңгелек стол, азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктеме беру жиналысы өтіп тұрады. Абай ауданының әкімі Ж.Байсабыровтың 23.01.2020 жылғы Абай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының 4-тармағы бойынша Саржал ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде ауыл тұрғындарының арыз–өтініштеріне арналған арнайы жәшіктер қойылып күнделікті қадағалануда. 33-3-14 нөмерлі «Сенім телефонының» жеке және тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған почта жәшіктері әкімшілік ғимаратында орнатылған, тіркеу журналы ашылған. Өтініштің қаралуы дұрыс жолға қойылған, арнайы тіркеу талоны жасалған. Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілердің үстінен фактілер тіркелген жоқ.
Саржал ауылдық округі бойынша ауылдық мемлекеттік органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен халықта сыбайлас жемқорлыққа қатысты мүлдем төзбеушілік қарым қатынасты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кең ауқымда ақпараттандыру науқанын ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс орнатылған.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскесінің берілуі жөнінде мемлекеттік бақылау заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашық өтеді, қаржылық-заңгерлік және экономикалық білімі бар мамандар өткізеді.
Саржал ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа тартылған азаматтар жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкінің декларациялануын, онда жазылған мәліметтердің нақтылығы ескертіліп, уақытында декларация тапсырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізуге мемлекет тарапынан ешқандай қаржы бөлінген жоқ.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Ел болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуіміз қажет.
Саржал ауылдық округі әкімінің аппараты.