Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

          «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  №410-V Заңын орындау мақсатында Қасқабұлақ ауылдық округ әкімі аппаратында жемқорлықтың алдын алуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2020 жылдың 5 қаңтар күні Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2020 жылға арналған іс шаралар бағдарламасы бекітіліп, жоспар құрылды. Бағдарламада әр тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы және Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу, сыбайлас жемқорлық-құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық, мемлекеттік қызметтік жаза салу тәртібі туралы түсінік жұмыстарын жүргізу, жылына екі рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы  «Дөңгелек үстелдер» өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, мәдени-көпшілік мекемелерінде кезекшілік атқару жұмысын күшейту жұмыстары жоспарланған.

Қасқабұлақ ауылдық округіндегі мекемелерге жасалып жатқан күрделі жөндеудің жүргізілу барысын қадағалау, жалдамалы жұмысшылардың заңды түрде еңбек шартының орындалуы туралы, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау кезінде міндетті түрде мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің нормаларын қолдану аясын кеңейту басты назарда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған әрбір факті бойынша заңға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдау, ерекше назарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, оларды тудыратын себептер мен шарттарды жоюға аудару қажет.

Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедуралары заң аясында өткерілуде. Салық органдарына табыс салығы туралы деклерациялар уақытында өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында ауылдық округ аппаратында ауылдық мекеме басшыларымен, аппараттың қызметкерлерімен жиналыстар, дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрады. Жеке және заңды тұлға өтініштерін қарау тәртібі, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау жұмыстары заң аясында және нұсқауға сәйкес жүргізіледі. Тұрғындардың ұсыныс пікірлері мен арыз шағымдарына арналған жәшік ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің алдын алған жөн. Ауылымызда жоспарланған жиналыстар өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар туралы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі, сыбайлас жемқорлық түбі қорлық екендігі туралы айқын баяндалды. Сыбайлас жемқорлық - ол өз еліңнің жеріңнің дамуына кедергі жасау болып табылады. Біздің еліміздің қазіргі таңда алға қойған мақсаты сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ, сыбайлас жемқорлықтың түбі қорлық. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көтеретін ең қауіпті түрі –парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алу жағдайларын түп-тамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі осы зұлымдықпен күресу. Яғни, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, біз осы жолда өзгелерге үлгі болуға тиіспіз. Әрбір азамат өзінің конститутциялық құқығын қорғауға міндетті. Өткізілген дөңгелек үстел  барысында сыбайлас жемқорлық деген не екенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қандай органдар жүргізетінін кеңінен түсіндірілді.      

  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы  іс-шаралар жоспары аясында Қасқабұлақ ауылдық округі тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтқанда 12.07.2019 жылы Қасқабұлақ ауылдық мәдениет үйінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсеті стандарттары мен регламенттерді сақтау, адал қызмет ету жөнінде мәселелер көтерілді. Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып келе жатыр. (Қосымшада «Абай елі» газетіне жарияланған мақала)

          Мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуы бағытында құқықтық түсіндірме жұмысы үнемі жүргізіліп, таныстырылып отырылады.

Ауылдық округте мекеме жұмысшы-қызметкерлері, «Nur Otan» партиясы мүшелері, ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар әзірлеу, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу туралы жиналыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес оның алдын алу профилактикасы бойынша семинар, азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктеме беру жиналысы өтіп тұрады. 15.08.2019 жылы «Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбымен жиналыс өтті. 05.03.2020 жылы көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларына жиналыс өтіп, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы түсінік берілді. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды.

      Қасқабұлақ ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде ауыл тұрғындарының арыз –өтініштеріне арналған арнайы жәшіктер қойылып күнделікті  қадағалануда. 93-2-11 нөмерлі «Сенім телефонының» жеке және тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған почта жәшіктері әкімшілік ғимаратының 1- ші этажында орнатылған, тіркеу журналы ашылған. Өтініштің қаралуы дұрыс жолға қойылған, арнайы тіркеу талоны жасалған. Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілердің үстінен фактілер тіркелген жоқ.

      Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша ауылдық мемлекеттік органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен халықта сыбайлас жемқорлыққа қатысты мүлдем төзбеушілік қарым қатынасты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кең ауқымда ақпараттандыру науқанын ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс орнатылған.

             Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскесінің берілуі жөнінде мемлекеттік бақылау заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашық өтеді, қаржылық-заңгерлік және экономикалық білімі бар мамандар өткізеді.

        Қасқабұлақ ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа тартылған азаматтар жоқ.

 

Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты

Дата публикации
08 июня 2020
Дата обновления
08 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
16 октября 2026
29 қараша Мәслихат депутаттары сайлауы
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы