Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды
Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды. 2026 жылғы 01 наурызда Абай ауданының Қарауыл ауылдық округіне сайланған әкіміне Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Маратұлы Думан сайланған әкім Біржан Қайржанұлы Мәнзалға куәлік табыс етті. Абай ауданы Қарауыл ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Біржан Қайржанұлы Мәнзал 2026 жылғы 02 наурыздан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды. Біржан Мәнзал 1994 жылы 06 тамызда Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013-2015, 2016-2018 жылдары «Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де маман, 2019-2023 жылдары «Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де бас маман, сектор меңгерушісі, 01.04.2024 жылдан бастап Абай ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Риза» КМК мекемесінің бас инженері, директордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
Абай ауданының "АMANAT" партиясы ұсынған.