ХАБАРЛАМА Қарауыл ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы

ХАБАРЛАМА Қарауыл ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы

2026 жылдың 01 наурыз күні Абай ауданы, Қарауыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.  Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Абай ауданы, Қарауыл ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Қарауыл ауылдық сайлау округі Қарауыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3689 азамат енгізілді, олардың 2880-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–47, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-29.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Арыстанбекова Альмира Самалбекқызы – 362; Бурыбаев Бауыржан Адилгазыевич – 415; Мәнзал Біржан Қайржанұлы – 2027.

Қарауыл ауылдық округінің әкімі болып Мәнзал Біржан Қайржанұлы сайланды, 1994 жылы туған, Абай ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Риза» КМК мекемесінің бас инженері, директордың м.а., Қарауыл ауылында тұрады,  «AMANAT» партиясы ұсынған.

Абай ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
02 марта 2026