«Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» туралы семинар

«Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері»  туралы семинар

 2026 жылғы 25 ақпанда Абай ауданының аумақтық референдум комиссиясы 162, 163, 164, 165, 166, 167, 170  учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, хатышылары үшін «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында  оқыту  өткізді. Оқыту барысында  келесі мәселелер қаралды:  учаскелік референдум  комиссияларының өкілеттіктері,  комиссия жұмысын ұйымдастыру, референдум өткізу кезінде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы, азаматтардың тізімімен жұмыс жасау,  есептен шығару куаліктерін беру, комиссиялардың құжаттарын ресімдеу.Аталған оқыту Орталық референдум комиссиясының бастамасымен өткізілген «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн семинар барысында алынған білім мен әдістемелік ұсынымдар негізінде ұйымдастырылды. Оқу-семинардың мақсаты – комиссия мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге дайындық деңгейін күшейту.

        Сонымен қатар, оқуға қатысушылар «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдарынан тест тапсырды.

 

 

 

Дата публикации
25 февраля 2026