Қарауыл ауылы. 26.09.2025
Кеңес отырысына Қоғамдық кеңес мүшелері және онлайн форматта ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті
басшысының орынбасары Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы қатысты.
Күн тәртібі:
- Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен заңдылығын сақтау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес отырысына ақпарат.
Қ.Н.Сапарғалиев - ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
- «Білім туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес аудан бойынша білім
саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы.
Б.Н.Сқақова - білім бөлімінің басшысы.
- Аудан тұрғындарының қатаң мал азығымен қамтамасыз етілуі, шаруа
қожалықтарымен жұмысты үйлестіру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану және ауылшаруашылық өнімдерін тиімді өткізу бағытында атқарылған жұмысар туралы.
Д.Нариманұлы - ауылшаруашыығы, жерқатынастары және кәсіпкерлік
бөлімінің басшысы.
Қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес қаулы етеді:
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Н.Сапарғалиевтің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен заңдылығын сақтау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес отырысына берген ақпараты жұмыс барысында пайдалану үшін қабылдансын.
- Білім бөлімінің басшысы Б.Н.Сқақованың білім саласында атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы есебі қабылдансын.
- Ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Нариманұлының аудан көлемінде істеліп жатқан жұмыстары туралы есебі қабылдансын.
- Қоғамдық кеңестің қарауына келіп түскен шешім жобалары мақұлдансын.
- Кеңес отырысында айтылған ұсыныстар аудан әкімдігіне енгізілсін.
Қоғамдық кеңес төрағасы: М.Еділбаев
Қоғамдық кеңес хатшысы: A. Бакирова