Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

2026 жылғы 17 ақпанда Абай ауданының Архат ауылдық округі әкіміне сайланған  Ернур Ержанович Рымжановқа  Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Маратұлы Думан куәлік табыс етті.  Абай ауданы Архат ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Ернур Ержанович Рымжанов 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастады.Ернур Рымжанов 1985 жылы 18 тамызда Абай ауданы Архат ауылында дүниеге келген. Архат ауылдық клуб үйінде оператор қызметінде 9 жылдан астам жұмыс істеді, 2018 – 2024 жылдары «Рахман» шаруа қожалығының жетекшісі болды, 2024 жылдың  19 қаңтарынан бастап «Архат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман қызметін атқарды.

     Абай ауданының "АMANAT" партиясы ұсынған.

Дата публикации
17 февраля 2026