Өнеркәсіп. 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 17 395,1 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндіреді, өндірілген өнім көлемінің индексі 124,6 пайызды құрайды. Берілген жоспар-тапсырма 9 828,5 млн. теңге болған, жоспар-тапсырма 77,0 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде 16 693,0 млн. теңге (индексі 130,1 пайыз) өңдеу өнеркәсібі бойынша берілген жоспар-тапсырма 9 187,5 млн. теңге болған, жоспар-тапсырма 81,7 пайызға артығымен орындалды.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 59 035,0 млн. теңге, индексі 105,2 пайыз, берілген жоспар-тапсырма 54 556,6 млн. теңге 8,2 пайызға орындалды.
Инвестиция. Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге алдын ала мәліметтер бойынша 11 598,2 млн.теңгені құрады, индексі 108,8 пайыз, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 112,7 пайыз, былтыр 10 294,0 млн.теңге болған, берілген жоспар-тапсырма 13 600,0 млн. теңге, жоспар-тапсырма 14,7 пайызға кем орындалды.
Бөлшек сауда көлемі 10 928,6 млн. теңгені құрды, индексі 167,1 пайыз. берілген жоспар-тапсырма 7 708,8 млн. теңге 41,8 пайызға артығымен орындалды.
Көтерме сауда көлемі 612,3 млн. теңгені құрды, индексі 115,8 пайыз. берілген жоспар-тапсырма 590,9 млн. теңге 3,6 пайызға артығымен орындалды.
Тұрғын үй. Қаңтар-желтоқсан айларында жеке секторларда 6 505 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды, өсім қарқыны 70,5 пайыз, берілген жоспар-тапсырма 6000 шаршы метр 8,4 пайызға артығымен орындалды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 10 560,8 млн. теңгеге жүргізілді, былтырғы жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 171,8 пайызды құрайды, берілген жоспар-тапсырма 10 000 млн. теңге 5,6 пайызға артығымен орындалды.
Бюджет. Меншікті кірістер 2 005,9 млн. теңгеге жоспарланып, ол 2 385,7 млн. теңгеге орындалды, немесе 118,9 пайыз. Бюджет шығысы 7 143,4 млрд. теңгеге жоспарланып, 7 091,7 млрд. теңгеге орындалды, немесе 99,3 пайыз.
Кіші бизнес. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпорындардың саны 1 269 бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 92,8 пайыз, берілген жоспар-тапсырма 1 450 бірлік болған, жоспар-тапсырма 12,5 пайызға кем орындалды, себебі Абай ауданының кірістер басқармасының талдау жұмыстарын жүргізуіне байланысты жыл басынан қате ашылып тіркелген жеке кәсіпкерлерді есептен шығаруда, сол себепті тіркелген және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны аудан бойынша азаюда.