«Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларымен «Мен сайлауға қатысамын» тақырыбында семинар-тренинг

    5 ақпан 2026 жылы  - Дүниежүзілік сайлау күніне орай Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы және № 169 учаскелік сайлау комиссиясы  «Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларымен «Мен сайлауға қатысамын» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Алқалық талқылау – демократиялық шешім қабылдаудың негізгі принципі, кәсібилік – сайлау сапасының басты көрсеткіші, алқалық принцип пен кәсібиліктің өзара байланысы, сайлау процессі сапасының негізгі критерийлер, алқалық талқылаудың практикалық маңызы, кәсібилікті арттыру жолдары, жас сайлаушылардың рөлі туралы  семинарда талқыланды. Іс-шарада аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Маратұлы оқушыларға  алдағы уақытта сайлаушы статусқа ие болған соң, сайлауға қатысып, өздерінің белсенді азаматтық позицияларын көрсетуге шақырды, оқу барысында сәттілік тіледі. Сонымен қатар, №169 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы, мектеп  ұстаздары    тартымды викторина ойынын өткізді. Ойын барысында балалар сайлау заңнамасы бойынша білімдерін сынады, әрбір дауыстың қоғамымыздың дамуына қалай әсер ететіні туралы көбірек білді. Викторинаның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды, ал барлық қатысушылар баға жетпес тәжірибе мен азаматтық белсенділіктің маңыздылығын түсінді. Кездесу соңында оқушыларға сайлау процессіне қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Жауаптардың басым көпшілігі дұрыс болды,ол оқушылармен  ұсынылған материалдың жақсы игерілгендігінің дәлелі болды.  Іс-шара жас сайлаушылар үшін өте маңызды, сапалы сайлау процессі – олардың еркін таңдауын қорғаудың басты кепілі, алқалық басқарудың мәні, кәсібиліктің рөлі, олардың сайлау комиссиялары жұмысының сапасына әсер ететін факторлары екендігі туралы пікір қалыптастыруға бағытталды. Болашақ сайлаушылар алдағы уақытта қоғамның саяси мәдениеті жастардың белсенділігімен қалыптасатындығын, алқалық талқылау мәдениетін, кәсібилік деңгейін, құқықтық сауаттылықты арттыру - әділ сайлаудың басты кепілі екендігін сезініп, түсінді деген сенімдеміз. 

 

Надеемся, что будущие избиратели осознали и поняли, что в будущем политическая культура общества будет формироваться активной молодежью, повышение культуры коллегиального обсуждения, уровня профессионализма, правовой грамотности - главный залог честных выборов.

Дата публикации
06 февраля 2026