Әкімге кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар тізбесі

Ақпараттық  хабарлама

Қарауыл ауылдық округі әкіміне кандидаттарға ақпараттық-насихаттық материалдарды басып шығару үшін  

       Абай аудандық «Абай елі» газеті үгіт-насихат материалдарын басып шығару үшін тіркелген кандидаттарға баспа алаңын шарттық негізде беру туралы хабарлайды.  Сайлау материалдарын жариялау «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының  3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға арналған баспа алаңының құны ҚҚС есебімен бір шаршы сантиметр үшін 300 теңге (ақ-қара)/500 теңге (түрлі-түсті) құрайды. Конституцияға қайшы сипаттағы материалдар жария етілмейді.

 

 

Дата публикации
29 января 2026