Дебат «Заңның үстемдігі – принципі»
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары негізінде 2026 жылдың 27 қаңтар күні «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 9-11 сынып оқушылары арасында «Заң үстемдігі - принципі» тақырыбында Жас сайлаушылар клубының мүшелері дебат сайысын өткізді. Пікірталас кезінде қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелді сөйлеу, қарсы тараптың пікіріне сыни тұрғыда баға беру дағдыларын көрсетті. Сайыс барысында қатысушылар өзекті ойлар мен нақты дәлелдер ұсынды, пікірталас мәдениетін сақтай отырып, жоғары белсенділік пен тапқырлық танытты. Сайыстың төрешілері қатысушылардың сөйлеу мәдениетіне, дәлелдерінің нақтылығына, уақытты тиімді пайдалануына және командалық жұмысқа ерекше назар аударды.
Аталған іс-шараның мақсаты – жас сайлаушылардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық-саяси процестерге саналы көзқарас қалыптастыру, пікірталас мәдениетін дамыту және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.
Шара жеңімпаздарын Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Тілек Қабыкенұлы құттықтап, марапаттады.