Архат ауылдық округі әкіміне кандидаттарға ақпараттық-насихаттық материалдарды басып шығару үшін ақпараттық хабарлама
Абай аудандық «Абай елі» газеті үгіт-насихат материалдарын басып шығару үшін тіркелген кандидаттарға баспа алаңын шарттық негізде беру туралы хабарлайды. Сайлау материалдарын жариялау «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға арналған баспа алаңының құны ҚҚС есебімен бір шаршы сантиметр үшін 300 теңге (ақ-қара)/500 теңге (түрлі-түсті) құрайды. Конституцияға қайшы сипаттағы материалдар жария етілмейді.