«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 11-20 ақпан аралығында Абай ауданының ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына, аудан әкімдігінің дербес бөлімдеріне және аудан әкімінің аппаратына тексеріс жүргізді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу, ақпараттық технологиялар және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен 2025 жылдың ақпан айында Қасқабұлақ ауылдық округінің аппаратына, наурыз айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, мамыр айында аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және жер бөліміне, маусым айында Медеу ауылдық округінің аппаратына, тамыз айында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне, қараша айында аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тексеріс жүргізілді.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №301/НҚ бұйрығымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 63 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүргізудің үлгілік қағидаларына, Абай ауданы әкімінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №28 өкіміне сәйкес 1 маусымнан бастап Абай ауданының мемлекетттік мекемелерінеде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.