Абай облысы Абай ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы

 Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек 110 отбасыға (661 адам, 417 бала) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 67201,3 мың теңге төленді. Соның ішінде: - 66 көп балалы отбасылар (457 адам, 312 бала); - 44 аз қамтылған отбасылар (204 адам, 105 бала). 2025 жылға атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 7 жасқа дейінгі 92 отбасының 178 баласына 5898 теңгеден кепілдендірілген әлеуметтік пакет 8285,6 мың теңгеге төленді. Демеушілер арқылы 50 аз қамтылған отбасыларға 2000 мың теңгеге отындай көмек көрсетілді. Аудан бойынша 80 аз қамтылған отбасыларға жеке кәсіпкерлермен демеушілер арқылы 2200,0 мың теңгеге азық-түліктей көмек көрсетілді. 240 отбасыға 2800,0 мың теңгеге әртүрлі демеушілік көмектер жасалды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойы аясында құрбандыққа сойылған түйе еті 20 көп балалы, аз қамтылған отбасыларға таратылды. Ауданымыздың жеке кәсіпкері Ақан Құрманұлының демеушілігімен 40 көп балалы, аз қамтылған отбасыларға жылқы малы берілді Тұрғын үй сертификаты 1 жалғыз басты анаға 1469,0 мың теңге, 5 мүгедектігі бар адамға 4531,0 мың теңге берілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту және олардың тәрбиесіне психологиялық медициналық – педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес, 11 балаға ай сайын 39320 теңгеден 3578,3 мың теңге жәрдемақы төленді. Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ-дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған 411 анаға 6165,0 мың теңге, 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалы 377 анаға 5655,0 мың теңге, 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 19660 теңгеден жиыны 11820,0 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді. Жеңіс күніне 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 46 тыл ардагеріне – 5426,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған ерен еңбек иегері - 1 адамға 196,6 мың теңге, соғыс жесірі 1 адамға 196,6 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді. Чернобыль апатына қатысушы 2 адамға 393,2 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді. Ауған жауынгерлері 6 адамға 196600 теңгеден 1179,6 мың теңге, Тәжікстанда, Таулы Қарабахта болған 5 адамға 196600 теңгеден 983,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге 117960 теңгеден 226 адамға 26659,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмектер төленді. Конституция күніне бала жасынан мүгедек 56 балаға 1120,0 мың теңге, 1 және 2 топ мүгедектігі бар 124 адамға 2437,8 мың теңге 19660 теңгеден жиыны 3557,8 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары 12 адамға 703,6 мың теңге материалдық көмек төленді. «Қарағайлы» шипажайына 54 зейнеткерлер барып келсе, «Сарыағаш», «Мойылды», «Спутник», «Алтын Шаңырақ», «Кәусар Бұлақ», «Шипа Су» шипажайларына мүмкіндігі шектеулі 48 адам демалып қайтты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік әлеуметтік сараптау комиссиясының берген, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, 49 адамға міндетті гигиеналық құралдар алынып берілді. Протездік - ортопедиялық көмек 51 адам, сурдотехникалық құралдармен 1 адам, тифлотехникалық құралдармен 30 адам, отырғыш арбамен 8 адам қамтамасыз етілді. «Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін» 8 адам алып отыр. Аудан бойынша 24 әлеуметтік қызметкер осы санаттағы 125 адамға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді; оның ішінде: - психоневрологиялық ақауы бармүгедек балалар -5, - тірек- қимыл аппараты бұзылған балалар -1, - 18 жастан асқан психоневрологиялық ақауы бар адамдар -21, - І-ІІ топтағы мүгедектер-22, жалғызбасты қарттар - 76. Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар үшін 2025 жылы Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту, 8-наурыз мерекесіне «Анама мың алғыс», Наурыз мерекесіне «Қош келдің Әз-Наурыз», Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Тәтті күлкі» акциясы, 1 маусым Халықаралық балалар күніне «Біз бақытты баламыз» атты ертеңгілік , спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Толағай» , Сурет көрмесі отбасы күніне байланысты «Отан отбасынан басталады», «Спорт серігім», «Берекелі алтын күз», «Қарттарым асылым» атты мерекелік және спорттық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді қызмет алушыларға шағын мерекелік сыйлықтар табысталды. Бөлімге 2025 жылы жалпы 30 өтініш түсті. Түскен өтініштер уақытылы қаралды, 18 өтініш беруші қанағаттандырылды, 12 –і түсіндірілді. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылы 10 шетелдік азаматтарға рұқсат берілді. 2025 жылғы жоспар 140 адам, орындалысы 148 жұмыс орны ашылды 106%. Пробация есебінде 12 адам тұр. Жыл басынан бері «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмек көрсетудің Абай ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның» 4 отырыс өткізілді. 1 пробация есебінде тұрған тұлғаға 100 мың теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Пробация есебінде тұрған тұлғаларға Абай аудандық ауруханасының психолог маманы психологиялық көмек көрсетіп отырады. 11 нысан бейімдеуден өту жоспарланған, 11 нысан толықтай 100 пайыз беімдеуден өтті. Отбасының цифрлық картасы бойынша жоспар 99 пайыз орындалып тұр. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер: 1.«Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 29; 2. «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 53; 3. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 8; 4. «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 6; 5. «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 48; 6. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 72; 7. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 12; 8. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0; 9. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу » мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 12; 10. «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 6; 11. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 10; 12. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 16; Бөлімде 5 мемлекеттік қызметші, 4 келісім шарт бойынша маман, 24 әлеуметтік қызметкерлер бар.

Дата публикации
30 декабря 2025