Абай ауданы бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы
2025 жылы 9 ауылдық округ, 2 елді-мекен бойынша ауданның халық саны - 13 184 адам.
|
Р/с |
Көрсеткіш атауы |
Көлемі, индексі (болжамды) |
|
1 |
Бюджет |
Меншікті кірістер 2 млрд 005,9 мың теңгеге жоспарланып, 2 млрд 135,9 млн теңгеге орындалды, орындалу 106,5 %. Бюджет шығысы 7 млрд 143 млн. 4 мың теңгеге жоспарланып, 7 млрд 091 млн. теңгеге орындалды, 99,3 %-ға. 2025 жылдың бекітілген бюджет көлемі 5 млрд. 504 млн. 875 мың теңге, нақтыланған бюджет көлемі 7 млрд. 143 млн. 389,8 мың теңге. |
|
2 |
Инвестиция |
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 11 003,4 млн.теңгені құрайды, индексі 104,0%. |
|
3 |
Бөлшек сауда көлемі |
8 400,0 млн. теңге, индексі 130,0%. |
|
4 |
Көтерме сауда көлемі |
650,0 млн. теңге, индексі 115,6%.
|
|
5 |
Өнеркәсіп |
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айы бойынша өндіріс орындары қазіргі бағамен 16 500,0 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндіреді, өндірілген өнім көлемінің индексі 122,0%-ды құрайды. Оның ішінде 16 000,0 млн. теңгесі (индексі 130,0%) өңдеу өнеркәсібі. |
|
6 |
Тұрғын үй |
Қаңтар-желтоқсан айларында жеке секторларда 6 554 шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынады, былтырғы жылмен салыстырғанда 66,0%. |
|
7 |
Кіші бизнес |
Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпорындардың саны 1 368 бірлік, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0%. |
Инфрақұрылым
Абай ауданында жалпы жолдар жүйесінің ұзындығы – 402,6 км: республикалық маңыздағы – 70 км, облыстық маңыздағы – 247,6 км, аудандық маңыздағы – 85 км.
Биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарауыл ауылы Әуезов көшесінің 1,5 км, Шәкәрім көшесінің 1,1 км жаяу жүргіншілер жолымен бірге орташа жөндеу жұмыстарын «Дерикар» ЖШС жүргізіп, жұмыстар толық аяқталды.
Тоқтамыс ауылындағы Абай көшесін (750м) ағымдағы жөндеу жұмыстары да аяқталды.
Аудандық және облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу жұмыстары да жыл сайын кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өткен жылы басталған аудандық Тоқтамыс және Архат жолдарының жөндеу жұмыстары да биыл жалғасын тауып, 5 км жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Облыстық маңызы бар «Аягөз – Қарауыл – Семей – Қайнар» автомобиль жолының 15 км, «Семей - Қарауыл» автомобиль жолының 20 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
КЕҢГІРБАЙ БИ ауылында орналасқан БАЛАЛАР ЛАГЕРІН салу мердігері – «Градстройсервис» ЖШС. Жалпы құны 363 157,0 мың теңге, игерілгені – 278 400,0 мың теңге. 2025 жылға бөлінгені – 90 000,0 мың теңге, қосымша қажеттілік – 50 000,0 мың теңге. Бүгінде ғимараттың қас бетін кірпішпен қалау, ішкі қабырғаларын тегістеу, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан бойынша құрылыс жұмыстарының 90%-ы атқарылды. Пайдалануға беру мерзімі 2026 жылдың 2 тоқсаны.
САРЖАЛ АУЫЛЫНДА СПОРТ МОДУЛІН салу жұмыстары басталды. Тапсырыс беруші – «Абай облысының құрылыс басқармасы» ММ. Мердігері «Компания «Восток-строй» ЖШС. Келісім шарт құны – 813 715,5 мың теңге. Қазіргі уақытта нысанның ангар бөлігінің іргетасы орнатылып, әкімшілік ғимараттың қабырғасы қаланып, төбесін жабу жабылды. Жалпы жұмыстардың 30% атқарылды. Құрылыс мерзімі 2025 – 2026 жылдар.
Сумен қамтамасыз ету
Аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар жүйелі кезең-кезеңімен жалғасуда. Қазіргі уақытта өткен жылы басталған Архат ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту бойынша «Карат Z» ЖШС келісім шарт құны 707 млн 878,7 мың теңгеге жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жұмыстардың 85% атқарылды. 11 адам жұмыс жасауда. Нысанды қараша айында аяқтау жоспарланған, алайда абаттандыру, насос станциясының төбесіндегі жұмсақ жабынын жабу үшін 18 градустан жоғары температура қажеттілігіне байланысты келесі жылға қалады.
2025-2026 жылдары жүргізілетін жобалар
«ҚҰНДЫЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ СУ ҚҰБЫРЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ». Келісім шарт құны –1 112 131,0 мың теңге, 2025 бөлінген қаражат – 243 961,0 мың теңге, игерілді 172 762,0 мың теңге. Мердігер «ARMADA QURYLYS» ЖШС. Құбырдың жалпы ұзындығы – 17 км. Қазіргі уақытта диаметрі 110 мм су құбырының 9,5 шақырымы тартылды, 55 құдық орнатылды. 110 мм су құбырына арналған траншея қазу, құдықтар орнату, жеке аулаларға дейін құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыстардың 35% атқарылды. Нысанда 7 техника, 10 адам жұмыс жасауда.
«КЕҢГІРБАЙ БИ АУЫЛЫНЫҢ СУ ҚҰБЫРЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ». Келісім шарт құны – 641 729,9 мың теңге, 2025 бөлінген қаражат – 148 240,0 мың теңге, игерілді 111 115,7 мың теңге. Мердігер «ARMADA QURYLYS» ЖШС. Құбырдың жалпы ұзындығы – 12,3 км. Қазіргі уақытта диаметрі 110 мм су құбырының 3,6 шақырымы тартылды, 9 құдық орнатылды. 110 мм су құбырына арналған траншея қазу жұмыстары, резервуардың қабырғасын құю, насос станциясының қабырғасын қалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жұмыстардың 30% атқарылды. Нысанда 3 техника, 10 адам жұмыс жасауда.
«МЕДЕУ АУЫЛЫНЫҢ СУ ҚҰБЫРЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ». Келісім шарт құны – 818 995,0 мың теңге. 2025 бөлінген қаражат - 818 995,0 мың теңге, игерілген қаражат – 437 737,9 мың теңге. Мердігер «СК Спецмонтаж 2030» ЖШС. Құбырдың жалпы ұзындығы – 5,38 км.
Қазіргі уақытта диаметрлері 110, 63, 50 су құбырларын тарту жұмыстары және электр желісін тарту жұмыстары толық аяқталды. 62 құдық орнатылды, 62 құдықтың құдықтың іші жиналды. 59 үйдің ауласына дейін құбыр тарту жұмыстары жүргізілді. Су резервуары құйылып, сыртқы гидроизоляция жасалды. Жалпы жұмыстардың 85% атқарылды. Нысанды қараша айында аяқтау жоспарлануда. 5 техника. 25 жұмысшы.
Ауданымыз ауылдарды интернетпен қамтуда облысымызда алдыңғы қатарда. Облыстық бюджет есебінен Жидебай музей қорығы мен Бөрілі елді-мекеніне антенна-діңгекті құрылғының құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Тұрғын үйлер құрылысы
Абай ауданы бойынша 2025 жылға 8 тұрғын үй (16 пәтер) салу және 27 пәтерлі 3 қабатты үйді қайта жаңғыртудан өткізу жиыны 43 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. 2025 жылы аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған азаматтар саны – 574.
Қарауыл ауылынан 2 пәтерлі, 1 қабатты 4 тұрғын үйдің (әр пәтер 85 м2) құрылысы аяқталды. «Отбасы банк» арқылы тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған азаматтарға беру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Мамай көшесіндегі 27 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі.
Қасқабұлақ және Саржал ауылдарында 2 пәтерлі, 1 қабатты 4 тұрғын үйдің (әр пәтер 85 м2) құрылысы жүргізілуде. Жалпы жұмыстардың 90% атқарылды. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
Мамай көшесіне орнатылған қуаттылығы 630кВа КТПН «Семейстройэлектро-2005» ЖШС 97 млн 709,3 мың тг.
Қарауыл ауылының Тоқтамыс көшесі және Медеу ауылдық округі электр желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қарауыл ауылдық округінде қуаттылығы 630 кВа болатын КТПН орнату, Медеу ауылдық округінде қосымша электр қуаты тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін реклаузер орнату жұмыстары жүргізілді. (30 млн)