2025 жылы ауданымызда халықтың саны – 13 224 адам. Абай ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 5620 адам, ол жалпы халық санының 42,5 % құрайды. Бүгінгі күні 32 спорттық нысан бар, олар: 2 спорт кешені, 10 хоккей алаңы, 1 жүзу бассейні, 1 ипподром,18 жазықтық құрылымдар(12 футбол алаңы, 1 спорттық ядро, 5 стрит воркаут алаңдары) бар. Бұл спорт нысандарының барлығы бүгінгі күні халық үшін қолжетімді. 19 спорт залдар: 12 мектептің спорт залдары, 4 спорт кешенінің спорт залдары (күрес залы, бокс залы, жаттығу залы және ойын залы), 1 спорт зал ескі спорт мектебінің ғимараты (көркем гимнастика залы) және 2 спорт зал Құндызды ауылында (күрес залы мен жаттығу залы). Бұл спорт нысандарының барлығы бүгінгі күні халық үшін қолжетімді. «Дене тәрбиесі кадрлары» бойынша ауданда 92 спорт маманы қызмет атқарады. Олар: жалпы орта білім беретін мектептерде – 44 мұғалім, балалар-жасөспірім спорт мектебінде – 40 жаттықтырушы (29 штаттық, 11 қосымша беруші), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы (Абай колледж) – 1 мұғалім, спорт бойынша әдіскерлер саны – 4, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде – 3 маман қызмет атқарады. Бүгінгі таңда спорт мектебінде 840 оқушы 84 топта спорттың 10 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, дзюдо, классикалық волейбол, жүзу, таеквондо WT, футбол, көркем гимнастика, футзал, қазақша күрес және тоғызқұмалақ. Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Мысалы Қасқабұлақ ауылында бокс, волейбол, қазақша күрес, Ордада бокс, Архатта қазақ күресі, Құндыздыда дзюдо, қазақша күрес, Көкбайда бокс, футбол, қазақша күрес, Медеуде қазақша күрес, Саржалда бокс, классикалық волейбол, дзюдо, Тоқтамыста қазақ күресі, Кеңгірбай би ауылында қазақша күрес бөлімдері жемісті еңбек етуде. Бөлімінің жоспарына сәйкес және жоспардан тыс бұқаралық спортты дамыту мақсатында 100-ге жуық қаңтар айынан бастап, бүгінгі күнге дейін ересектер мен жасөспірімдер арасында аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ: Спорттың 15 түрінен аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен аудандық спартакиада, сондай-ақ, мерекелік шараларға байланысты 8 наурыз мерекесі, 22 наурыз мерекесі, 7 мамыр Отан қорғаушы күні,9 мамыр жеңіс күні, 6 шілде Астана күні, 30 тамыз ҚР Конституция күні, 25 қазан Республика күні және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай футбол, волейбол, үстел теннисі, дзюдо, жүзу, ұлттық спорт ойындарынан тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, ат спорты ойындары және көкпардан спорттық жарыстар өткізілді. Биыл Абай Құананбайұлының 180 жылдығына орай «Жеті қазына» жобасы аясында ұлттық спорт түрлерінен(тазы тұқымды иттер жарысы, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік жарысы, жорға жарысы, топ бәйге, аламан бәйге, тоғызқұмалақ және қазақ күресі) республикалық жарыстар ұйымдастырылды. Абай Құананбайұлының 180 жылдығына орай Семей – Қарауыл арасында 180 шақырымдықта республикалық ультрамарафоны өтті. Абай ауданында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 27 адамды немесе дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға рұқсат етілген мүгедектер санының 19% құрайды. Оның ішінде тірек-қимыл аппараты зақымданған – 6 адам (дойбы), көру қабілеті бұзылған – 11 адам (тоғызқұмалақ, шахмат), есту қабілеті бұзылған – 10 адам (волейбол, үстел теннисі). Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің жоспарына сәйкес дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында 11-ге жуық эстафеталық ойындар өткізілді. Эстафеталық ойынға 21 адам қатысты. Эстафеталық ойында жүлделі орынға иа болған командаларға мадақтама, медаль және сыйлықтармен марапатталды. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» іске асыру барысы бойынша Абай ауданындаәр спорт түрлері бойынша спорттық шаралар өткізіліп тұрады. Абай ауданының дене шынықтыру және спорт саласы арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында19 спорттық шаралар өткізілді. Биыл 27-30 қараша күндері Абай Құананбайұлының 180 жылдығына орай құсбегіліктен және тазы тұқымды иттер арасында «Абай Салбұрыны - 2025» республикалық турнир өтті. Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай жасөспірім қыздар және ұлдар арасында волейбол, футзал, дюдо т.б. спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізілді Жетістіктер: Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жеткен жетістікре бойынша Абай облысында тұңғыш рет өткізілген облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорт ойындарынан Абай ауданы жалпы командалық есеп бойынша жүлделі 2 орынды иеленді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадада Абай ауданының құрама командасы жалпы командалық есеп бойынша 2 орынды алды. Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында дзюдодан 60 келі салмақта жерлесіміз, Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Кәкітаев Алтынбек Серікұлы ел намысын абыроймен қорғап, қола жүлдеге қол жеткізді. Ақтау қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Абай ауданының жас спортшылары 81 кг салмақ дәрежесінде Әлижан Сайлаубеков жүлделі 1 орын илененді. 66 кг салмақта өнер көрсеткен Бекзат Болатбек пен 40 кг салмақта сынға түскен Бақнұр Әбдешова қарсыластарынан оқ бойы озып, өз салмақтарында Қазақстан чемпионы атанды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Көкбай ауылындағы спорт модулінің құрылысы» жүргізілуде.Құрылыс 2026 жылы аяқталады. Абай ауданының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Саржал ауылында спорт модулінің құрылысы басталды. Жалпы сметалық құны 842,953 млн теңге. Құрылыстың салыну мерзімі – 2025-2026 ж.ж.