ХАБАРЛАМА

 

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылдың 30 қараша күні Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                         2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

 

Кеңгірбай би ауылдық сайлау округі

Кеңгірбай би ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 440 азамат енгізілді, олардың 345-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–6, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Арыстанбекова Альмира Самалбекқызы – 28; Жарасбаев Қуанышбек Асқарұлы – 263; Омарбеков Ержан Рамазанұлы – 35.

Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі болып Жарасбаев Қуанышбек Асқарұлы сайланды, 1980 жылы туған, «Қарауыл гимназиясы» КММ-сі, мұғалім, Кеңгірбай би ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Абай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                            113-11 бабына сәйкес, 2025 жылғы 02 желтоқсандағы  шешімімен Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкімі болып сайланған – Жарасбаев Қуанышбек Асқарұлы тіркелді.

 

Абай ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 декабря 2025