АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Абай облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкіміне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
(2025 жылғы 30 қарашадағы сайлау)
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 04 қарашадан кешіктірмей Абай облысы Абай ауданы Кеңгірбай би ауылдық округі әкіміне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына(эл.пошта: tic_vko_aba@saylau.kz, мекенжайы: Абай ауданы Қарауыл ауылы., Ералы көшесі 4, каб.22) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Абай облыстық сайлау комиссиясына және Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.